ВТБ банк (Қазақстан) 2016 жыл ішіндегі аудитті қаржы есептілігін жариялады

28.04.2017

2016 жылғы 31 желтоқсандағы ахуал бойынша банктің активтері 183,2 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылғы нәтижеден 10%-ға жоғары. Есептік кезең ішінде банктің міндеттемелері 14%-ға өсіп, 168,7 млрд теңгені құрады. Банктің Жарғылық капиталы өзгерген жоқ және 27,3 млрд теңгеге тең. Бір жыл ішінде банктің таза шығыны 6,5 млрд теңгені құрады.

- ВТБ банкі (Қазақстан) нарық пен реттеуші алдында толық ашық. Өткен жылды аяқтай отырып, біз кредиттік қоржынды сауықтыру туралы маңызды шешім қаблыдадық және шығындарды ескере отырып, проблемалық кредиттердің белгілі бір бөлігін резервке алдық. Мұның өзі банктің жаңаруына және Қазақстанда ВТБ тобының ұстанымын күшейтуге бағытталған 2017-2019 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын іске асыруды бастауына мүмкіндік берді. Жаңа стратегия қазірдің өзінде алғашқы оң нәтижелерін беруде. Мәселен, 2017 жылғы І қорытындысы бойынша банк 184,1 млн теңге пайда тапты, - деп атап өтті ВТБ (Қазақстан) Банкінің Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.

         Қазіргі таңда ВТБ банкінің (Қазақстан) реттеуші капиталы ҚР Ұлттық Банкінің нормативтерінен 4 есе жоғары. Банктің «Ликвидтілік қоры» қажетті нормадан 4 есе жоғары. S&P Global Ratings рейтингі бойынша ВТБ банкі (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр.

Ұзақ мерзімді – ВВ.

Болжам – Тұрақты.

Қысқа мерзімді – В.

Ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтинг – kzA.

ВТБ тобы қазақстан экономикасы мен нарығының орасан зор әлеуетін көріп отыр, трансшекаралық бизнес ауқымын және өз әріптестерінің қызметін кеңейтуге маңызды үлес қосуға ниетті, мұның өзі республика экономикасының дамуына оң әсер етеді.

Анықтама:
ВТБ БАНК АҚ ЕҚ (Қазақстан) – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк 7 жылдан астам Қазақстан қаржы нарығында табысты жұмыс атқарып келеді, Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 20-шы орынға ие. Қазіргі таңда ВТБ БАНК АҚ ЕҚ (Қазақстан) 35 құрылымдық бөлімшеден тұратын филал желісіне ие, оның ішінде 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылғы 23 желтоқсанда берген лицензиясы №1.2.14/39.

Қосымша түсініктемелер алу үшін Сіз әрқашан баспасөз қызметіне жүгіне аласыз:

Арина Пирогова

ВТБ БАНК АҚ ЕҚ (Қазақстан)

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі қоңыраулар: 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz

Facebook: BankVtbKazakhstan