2017 жылдың I тоқсанындағы Банк ВТБ (Қазақстан) қаржы нәтижелері

14.04.2017 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) таза табысы 184,1 млн теңгені құрады. Банктің активтері 167,5 млрд теңгені құрады, олардың ішінде 37% клиенттерге ұсынылған қарыз болып табылады. Банктің міндеттемелері 152,6 млрд теңгені құрады, олардың ішінде 55% - банк шоттары мен клиенттердің салымдары. Банктің жарғылық капиталы өзгерген жоқ және 27,3 млрд теңгеге тең болып табылады. Есепті кезеңге қорды құрғаннан кейін таза пайыздық табыс 1,6 млрд теңгені құрады, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 675 млн теңгеге таза пайыздық шығыс.

- Жылдың басында Банк ВТБ (Қазақстан) 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңге дамудың жаңа стратегиясын қабылдады, ол бизнесті жүргізуге және оның тиімділігін жақсартуға жаңа тәсілдердің қолданылуын болжайды. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанындағы жұмыстың қорытындылары біздің жаңа бағытты дұрыс таңдағанымызды көрсетеді, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло, - Банк шығындарды оңтайландыру және қызметтің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда. Нарықтың тұрақтылығын сақтаған кезде банк стратегиялық жоспарға сәйкес қарышты даму мен табыстың туындауын одан әрі жалғастырады деген сенімдемін.
Өткен жылдың соңында банк проблемалық активтерден тазалана отырып, несие қоржынын сауықтырды. Бүгінгі таңда S&P Global Ratings мәліметтері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында несие рейтингі ең жоғары көрсеткішті көрсетеді.

Банктің жаңа стратегиясы нарық пен сұраныстың терең талдауына негізделген. Жақын арадағы үш жылда Банк ВТБ (Қазақстан) ірі инвестициялық бизнестің– 20%, орташа бизнестің– 40% және бөлшектелген бизнестің– 40% арасында бизнес желілерінің теңгерімін сақтай отырып, әмбебап банк ретінде үйлесімді дамуын жалғастырады. Қазақстандағы ВТБ бизнесінің жандануының негізгі бағыттарының бірі шағын және орта кәсіпкерліктің қолдауы болып табылады. Сонымен қатар, ірі инвестициялық бизнеспен жұмыс жасауға екпін жасалған. Банк басқарушыларының жаңартылған тобы Банктің клиенттеріне арналған топтың үздік тәжірибелерін енгізуге қарай жұмыс істейді.


Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді, және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің көлемі жағынан 20 орында тұр. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 35 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazakhstan