Банк ВТБ (Қазақстан) басқармасының құрамындағы өзгерістер

04.04.2017
Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес, 2017 жылдың 31 наурызынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ басқармасының құрамына Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасының орынбасары Николай Суганяка кірді.

Николай Васильевичтің банк саласында жиырма бес жылдық жұмыс тәжірибесі бар, олардың ішінде 8 жыл ол ВТБ Тобына арнады. Николай Суганяканың үш жоғары білімі бар (Украина және АҚШ), экономика ғылымдарының кандидаты болып табылады.
Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло:
- Біздің банк 2017-2019 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын іске асыруға кірісті, онда қазіргі кезде Николай Васильевич жетекшілік ететін бөлшек сауда бизнесі ерекше орынға ие. Мен, жаңа басқарма мүшесінің жеке тұлғаларға арналған банк өнімдерін енгізу және дамыту саласындағы білімі мен тәжірибесі Қазақстандағы ВТБ еншілес құрылымының қызметіне оңтайлы әсерін тигізеді дегенге сенімдімін, - деп атап өтті.
Ертеректе Николай Суганяка Украинаның ірі желілік банктерінің бірін табысты басқарып келді, дағдарысқа қарсы менеджмент, стратегиялық және операциялық жоспарлау саласында, сонымен қатар банктік сату орындарының және жеке тұлғалаларға арналған өнімдердің жаңа үлгілерін дайындау және енгізуде жоғары нәтижелілікті көрсетті.
Николай Суганяка:
- Банк ВТБ (Қазақстан) басшылығы менің алдыма бөлшек сауда бизнесін дамыту бойынша өте қызықты және өршіл мақсаттар қойды. Қазақстандық нарықтың жақсы әлеуетін ескере отырып, біз банктің кәсіби командасымен бірге бөлшек сауда секторында жоғары нәтижелерге қол жеткіземіз және барлық стратегиялық міндеттерді іске асырамыз деп ойлаймын, - деп айта кетті.

Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 35 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazakhstan