Депозит ұстаушыларға және ағымдағы шоттардың иелеріне арналған «SMS-ақпараттандыру»

29.03.2017

Құрметті клиенттер, 2017 жылғы 27 наурыздан бастап сіз ағымдағы және жинақ шоттары бойынша «SMS-ақпараттандыру» қызметіне қосыла алатындығыңызды қуана хабарлаймыз.

Жаңа қызметпен сіз өз мобильді телефоныңызға әр жүргізілген операциялар туралы ақпараттандыру алу арқылы ағымдағы және жинақ шоттары бойынша барлық қозғалыстар туралы біліп отыра аласыз. Қызмет аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат қолжетімді.

Негізгі артықшылықтары:

- Операцияларды жүргізгенде жоғары қауіпсіздік деңгейі;

- Шот бойынша қандай да бір операцияның жасалғаны туралы ақпарат операция жасалған сәтте мобильді телефонға түсіп тұрады;

- Абоненттік қызмет көрсететудің бағасы төмен.

Білгеніңіз маңызды!

Ай сайынғы комиссия мобильді телефон нөмірін ағымдағы және жинақ шоты бойынша тарату жүйесінде тіркеген күннен бастап айына бір рет алынады. Жинақ шотын қосу үшін таңдаған жағдайда, ай сайынғы комиссия жинақ шотынан, сондай-ақ ағымдағы шоттан да алынады. Егер мобильді телефонның бір нөмірі жинақ шотына, сондай-ақ ағымдағы шоттқа қосылған болса, онда ай сайынғы комиссия екі рет, қызмет көрсетілетін әр шот үшін ұсталады.