Банк ВТБ (Қазақстан) сақтандыру өнімдерін өткізу бойынша серіктестік бағдарламасын іске қосты

28.03.2017

2017 жылғы 28 наурызда Банк ВТБ (Қазақстан) «Amanat» сақтандыру компаниясымен бірге қазақстандық нарықта бірегей болып табылатын Банк клиенттері үшін үй мүлігін сақтандыру бойынша пейілдестік бағдарламасын іске қосты. Енді Банк клиенттері «Тату көршілер» (Дружные соседи) қораптық сақтандыру өнімін жеңілдікпен ала алады, бұл бағдарлама үй мүлігін және оқыс жағдайлар орын алғанда көршілер алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды көздейді.            

            Өнімде көппәтерлі үйде барынша кеңінен таралған сақтандыру оқиғалары ескерілген: коммуналдық жүйе апаты (су басып кету), өрт, тұрмыс газының жарылысы, қарақшылық шабуыл, жер сілкінісі немесе өзге табиғи апаттар.  

- Менің ойымша тұрғындардың көпшілігі өмірінде ең болмаса бір рет «Тату көршілер» қораптық сақтандыру оқиғаларының тізіміндегі жағдайға тап болды. Тәжірибенің көрсетуінше мұндай жағдай басына түскен адамдарды жедел ақша табу сұрағы қинайды. Енді біздің Банкіміздің клиенттерінің «Amanat» СК-мен серіктестік бағдарламасы аясында дайын сақтандыру шешімін өздеріне пайдалы сипатпен сатып ала алатынына қуанамын, бұл сақтандыру өнімі тек мүлікті ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілікті де сақтандырады, - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло. – Қораптық сақтандыруды пайдалану біздің Клиенттеріміздің өздерін күтпеген шығындардан қорғауына және қысылтаяң жағдайда ақшаларын үнемдеуге мүмкіндік береді.  

«Тату көршілер» қораптық сақтандыру өнімінің жеңілдікпен есептелген бағасы Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері үшін 12 ай сақтандыру мерзімі үшін небәрі 14 000 теңгені құрайды. Бұл ретте сақтандыру өтемі 1 700 000 теңгеге дейін жетеді, оның 700 000 теңгесі - азаматтық жауапкершілікті, ал қалған сомасы мүлікті қорғайды (ішкі әрлеуді, тұрмыс техникасын, жиһазды).  

- «Тату көршілер» өнімінің бірегейлігі сақтандыру шартын жасау үшін мүлікті қарау талап етілмейтіндігін және сақтандыру сомасының бірмәрте қолма-қол ақша түрінде төленетінінде, - деп атап өтті Amanat СК Басқармасы Төрағасының орынбасары Асет Салимгереев. – Сонымен қатар, бұл үй мүлігін сақтандыратын жалғыз өнім, бұл өнім тек сақтанушыны қаржылық тұрғыда қорғап қана қоймайды, сонымен бірге көршілер арасындағы татулықты сақтауға да көмектеседі.  

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді, және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің көлемі жағынан 20 орында тұр. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 35 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz

Facebook: BankVtbKazakhstan