Банк ВТБ (Қазақстан) ұсынатын шағын бизнес клиенттеріне арналған жеңілдіктер

16.03.2017

2017 жылдың 15 наурызынан бастап, 31 шілде аралығында банк жаңа клиенттер – шағын бизнес өкілдері үшін науқан өткізеді. Банкке алғаш рет тендерлік (бланктік немесе орны толтырылған) кепілдік шығару туралы өтінішпен жүгінген және Науқанның өтуі кезеңінде ағымдағы шот ашқан заңды тұлғалар / жеке кәсіпкерлер алғашқы үш кепілдік шығару бойынша комиссияға 30% жеңілдік алады. Науқан тек бланктік және орны толтырылған тендерлік кепілдікке таралады.

- Құжаттамалық бизнес (аккредитив және инкассо түрінде есеп айырысуларды жүргізу, кепілдік операциялар жасау) – ВТБ Тобы қызметінің дәстүрлі мықты және сәтті дамып келе жатқан бағыты. Банк ВТБ (Қазақстан) өткізетін кепілдіктер бойынша науқан біздің жаңа клиенттеріміздің өз бизнестерін дамытуға, өндірістерін немесе айналымдарын ұлғайтуға, немесе инновациялар енгізуге түрткі болуы мүмкін. Біз Топтың үздік практикаларын Қазақстанда қолданудамыз, бұл біздің клиенттеріміздің қызметіне және ел экономикасына оң әсерін тигізуге мүмкіндік беріп отыр, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.

Жеңілдіктерден өзге, жеке кәсіпкерлерді Банк ВТБ (Қазақстан) банкінде басқа да кепілдіктер шығарудың артықшылықтары күтуде, олардың қатарында:
  • ресімдеудің қысқа мерзімі;
  • тиімді тарифтер;
  • кепілдіктерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығару;
  • міндеттемелер толық орындалған сәтке дейін қолданыста болатын кепілдіктер шығару;
  • кепілдікті банк бланкісіне шығару, электрондық түрдегі немесе SWIFT жүйесі бойынша кепілдік шығару.

Толығырақ мобильді телефоннан 5050 нөмірі бойынша білуге болады.