Банк ВТБ (Қазақстан) 2017 – 2019 жж. арналған дамудың жаңа стратегиясын қабылдады

01.03.2017 Өткен жылдың аяғында ВТБ Қадағалау кеңесі Қазақстандағы еншілес Банк ВТБ-ң стратегиясы үшін негіз болып қаланған Топтың 2017—2019 жж. арналған даму стратегиясын бекітті. Онда бизнесті жүргізудің жаңа тәсімдерін пайдалану.

ВТБ Тобы қазақстандық экономикадағы және нарығындағы зор әлеуетті көруде, және де өзінің Қазақстандағы қатысуын күшейтуге ниетті, осылайша трансшекаралық бизнес ауқымын және өз серіктестерінің қызметін кеңейтуге өз үлесін қосу арқылы республика экономикасының оң дамуына септігін тигізбек.

- Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) реттеуші капиталы ҚР Ұлттық банкі нормативтерінен 4 есе асады, бұл жағдай бизнес көлемін 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Банктің «өтімділік қоры» талап етілетін нормалардан 10 есе асады. ВТБ (Қазақстан) S&P Global Ratings деректері бойынша Қазақстандағы барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие. Бұдан бөлек, өткен жылды аяқтай отырып, біз кредиттік портфельді сауықтыру туралы маңызды шешім қабылдадық. Соның арқасында, банк дамудың жаңа кезеңін проблемалық активтерден тазартылған, жаңарған күйінде бастайды, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.

2017-2019 жж. арналған стратегияда банктің кредиттік портфелін 2 есе өсіру және бизнес рентабельділікті жақсарту белгіленген. Жоспарларды іске асыру кезінде, Қазақстанда ВТБ әлем бойынша Топтың үздік тәжірибелеріне сүйенетін болады (ВТБ-ң халықаралық – 20 елден артық 30 астам қаржы ұйымдары кіретін үлкен филиалдық желісі бар). Стратегияға сәйкес, алдағы үш жыл ішінде Банк ВТБ (Қазақстан) ірі инвестициялық бизнес – 20%, орта бизнес – 40% және бөлшек бизнес – 40% үлесімен бизнес-желілер тепе-теңдігін сақтай отырып, бірегей банк ретінде үйлесімді өркендеуін жалғастырады. ВТБ-ң Қазақстандағы бизнесті белсендірудің негізгі бағыттарының бірі – ел экономикасының дамуында айрықша рөл атқаратын шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету болмақ. Сонымен қатар ірі инвестициялық бизнеспен жұмыс жасауға және бөлшек клиенттерге арналған жаңарған өнімдер мен қызметтерді ендіруге ден қою ұйғарылып отыр.

Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло жаңа тәсімдер жайында сөз қозғағанда, 2016 жылы банктің барлық негізгі бизнес желілеріне жаңа басшылар тағайындалып, орта буын басқару персоналының әрі банк басқармасының 80%-ға жаңартылғанын айта келе, - «Біз бизнесті сапалы басқарушы командалар айналасына шоғырландыру бойынша әлемдік трендті ұстанамыз. Банктің Басқарма құрамы жаңарды, оның негізгі қызмет құзыреті – барлық Топ үшін жүйеқұраушы параметр ретіндегі кәсібилілік болып табылады» - деп қорытындылады.


Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді, және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің көлемі жағынан 20 орында тұр. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 35 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы 1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.
Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazakhstan