Бірнеше қадаммен «SMS-хабарландыру» қызметін қосу!

27.02.2017 Құрметті клиенттер!

Біз Сізге Online VTB интернет-банкингінде «SMS-хабарландыру қызметі» жаңа функционалын қосқанымыз туралы қуана хабарлаймыз. Енді, Сіз карталық операциялар бойынша SMS-ақпараттандыру қызметін Банктің бөлімшелерінде және банкоматтарында қосумен бірге, сондай-ақ Online VTB-де өз бетінше қоса аласыз.

Осы қызмет көмегімен банктік карточка ұстаушысы шот бойынша жүргізілетін операциялардың жағдайын біліп отыра алады, бұл қызмет кез келген алаяқтық әрекеттерді уақтылы болдырмауға және шоттағы қаражаттың барлық қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, біраз уақытқа дейін қызметті сөндіру немесе телефон нөмірін өзгерту үшін Банк бөлімшесіне бару қажет болған. Енді Online VTB-ге кіріп, өз бетіңізше осы қызметтің барлық артықшылықтарын пайдалануыңызға болады.