Банк ВТБ (Қазақстан)-ның басқарма құрамындағы өзгерістер

19.01.2017

Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Директорлар Кеңесінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы шешіміне сәйкес банк басқармасының жаңа мүшесі етіп Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Корпоративтік клиенттермен жұмыс істеу департаментінің директоры Илья Константинович Яковлев тағайындалды.

Илья Яковлевтің Қазақстан мен Ресейдің қаржы секторында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, түрлі қаржы ұйымдарда басшы қызметтерін атқарды. Сбербанк Тобының компанияларында корпоративтік секторын дамыту үшін алты жылдан астам уақыт жұмсады, сонымен қатар Қазақстандағы Сбербанк Еншілес ұйымында жұмыс тәжірибесі бар. Илья Константинович Г.И. Носов атындағы Магнитогорский мемлекеттік техникалық университетін бітірді, сонымен қатар оның аудит пен бухгалтерия саласында жоғарғы білімі бар.

- ВТБ Тобының жаңа даму стратегиясының негізгі бағытының бірі – «Орта бизнес» сегментіндегі бизнес-үлгісінің трансформациясы, бұл Топтың Қазақстандағы еншілес банкісі үшін де басым болып табылады. Илья Константинович осы жұмыс үшін қажетті барлық кәсіби құзыреттерге және тәжірибелерге ие. Оның бізге келуімен банктің корпоративтік бөлімінің дамуы жаңа сапалы деңгейге шығатындығына сенімдімін, - деп Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло Илья Яковлевке жаңа жұмыс орнында сәттілік тілеп, атап шықты.

Илья Константинович бұл тағайындау ол үшін өте маңызды болып табылатынын атап өтті: «Корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету ВТБ халықаралық тобының тарихи бизнесінің негізгі бөлігі болып табылады. Ресейлік және халықаралық ойыншылармен табысты бәсекелес бола отырып, ВТБ тобы орта және ірі бизнестегі клиенттерге бірегей ұсыныстарымен және жеке көзқарасымен атағы шыққан. Мен Банк ВТБ (Қазақстан) ұжымына маған сенім артқаны үшін және кәсіби дағдыларды жүзеге асыру және бірегей тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие болғаным үшін алғысымды білдіремін».

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, олардың арасынан 17 – филиал болып табылатын, филиалдар желісіне ие. Банктің орталық офисі Алматы қаласында орналасқан. ҚР Ұлттық Банкі 2014 жылғы 23 желтоқсанда берген лицензиясы №1.2.14/39

Қосымша түсініктеме алу үшін Сіз әрдайым баспасөз-қызметіне жолықсаңыз болады:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz

Facebook: BankVtbKazakhstan