Банк ВТБ (Қазақстан) әлеуметтік маңызды азық-түлік өндірісін қаржыландырды

20.12.2016

Банк ВТБ (Қазақстан) мен «Когер ЛТД» ЖШС 2,2 млрд теңгеден астам сомаға кредит желісін белгілеу туралы келісімге қол қойды. Алынған қаражатты кәсіпорын өндірістік қуаттарды кеңейтуге және қызметтің жаңа бағыттарын ашуға жолдайды.

«Когер» ЖШС тауарлық емдәмдік жұмыртқа, емдәмдік тауық етін, жұмыртқа ұнтағын, құстарға арналған           теңгерімделген жем және көкөніс-жеміс өнімдерінің аса ірі өндірушісі болып табылады. Компанияның заманауи еуропалық құрал-жабдығы мен өндірістік кешені бар, өндірістік кешен құс қордан, жем зауытынан, ветеринарлық зертханадан, инкубатордан, құс сою желісінен, жұмыртқа ұнтағын өндіретін цехтан, соя мен балық сүйегі ұнын қайта өңдеу цехінен, көлік цехінен, жылыжай шаруашылығынан тұрады. Өнім ассортименті ұдайы кеңейіп отырады.

- «Когер» ЖШС жататын орта бизнес – бұл ел экономикасының дамуының негізі, жаңа жұмыс орындарын жасауға арналған потенциал, сонымен қатар бюджетке салық түсімдерінің өсуі. Бұдан өзге, мұндай компаниялардың сәтті қызметі – бұл еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігінің кепілі, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло. – Бизнесті қаржыландыру туралы шешім қабылдай отырып, біздің банк тек компанияның қаржылық көздерін басшылыққа алып қоймайды, сонымен қатар біз компанияның толыққанды қызметіне және мақсатқа ұмтылғыштығына, сондай-ақ оның қызметінің әлеуметтік-экономикалық салаға тигізетін ықпалына ерекше назар аударамыз. «Когер» компаниясы осы барлық бағыттар бойынша үздік көрсеткіштер көрсетті. Бұл ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктің тек бастамасы екеніне сенемін.

Жұмыртқа бағытындағы құс өсіру – бұл ішкі нарық сұранысын 100% қамтамасыз ететін Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жалғыз саласы. Жұмыртқа – әлеуметтік маңызды, құнды, қол жетімді және халықтың барлық топтары арасында сұранысқа ие өнім. Отандық өндірістің бұл секторында «Когер» ЖШС 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді, осы уақыт ішінде компания өзін сала көшбасшысы ретінде көрсете білді, өнім өндіру көлемін айтарлықтай ұлғайтты, көлік инфрақұрылымын және өндірісті сәтті жетілдірді, тек өз қажетіне емес, сонымен қатар тек өзінің емес, басқа құс фабрикалардың сұраныстарын да қамтамасыз ету үшін меншік тұқым шаруашылық жасады.

- 10 жыл ішінде біз жұмыртқа өндіруді 25,5 млн-дан 280.0 млн.данаға дейін ұлғайттық. Тауарлық жұмыртқа өндірісі бойынша 2017 жылға жоспар 340 млн дананы, құстың басын арттыру 250,0 мың дананы құрайды , сонымен қатар біздің жуықтағы жоспарымызда құс саңғырығынан органикалық тыңайтқыш өндірісін ашу бар. Осы жобаларға қосымша қаражат керек, осы қаражатты сұрау үшін Банк ВТБ (Қазақстан) тағы өтініш білдіруді ойластырудамыз, - деді «Когер» ЖШС Бас директоры Констанстин Шин.- Бізді Банк ВТБ-ның (Қазақстан) клиенттермен тең серіктестік құқығында және екі жақты пайдалы талаптармен өзара қарым-қатынас орнатуға ұмтылысы қызықтырады.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz