Банк ВТБ (Қазақстан) тиімді пакеттік тарифтер бойынша төлем карточкаларын және жалақы жобаларын ұсынады

07.12.2016

Пакеттік ұсыныс – бұл белгілі бір өнімді ресімдеген банк клиентіне ұсынылатын қызметтердің жайлы кешені. Банк ВТБ (Қазақстан) өз клиенттеріне жеке тұлғаларға арналған дебеттік карталар бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаларға арналған жалақы жобалары бойынша өте тиімді пакеттік тарифтерді ұсынады.

- Пакеттік ұсыныстар, клиент таңдаған картаға байланысты, Сіз үшін қызметші қызметтердің негізгі спектрін тегін пайдалануға мүмкіндік береді, - деп баяндайды Банк ВТБ (Қазақстан) Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директоры Динара Жакенова. – Мәселен, біздің банк ұсынатын көпшілік пакеттік ұсыныстар аясындағы шарттар келесідей: картаны шығару және SMS-ақпараттандыру үшін 0 теңге, Интернет-банкингті тегін қосу, қосымша карталарды, мысалға Visa Virtuon (интернет-сатып алымдарға қауіпсіз төлем жүргізу үшін) және Priority Pass карталарын, сондай-ақ Номад Иншуранс компаниясынан сақтандыруды тегін шығару. Қолма-қолсыз жолмен төлем жасаудың белгілі бір талаптары сақталған кезде абоненттік төлем алынбайды, сөйтіп, негізгі қызметтер аясында, карта клиентке шынымен де салмақ түсірмейді. Бұдан бөлек, ВТБ Қазақстан карточкаларымен ақша табуға болады! Картада 1 000 теңге көлемінде төмендетілмейтін қалдықтың сақталуы шартымен, Банк картадағы қалған сомаға ай сайын сыйақы есептейді. Карта класына байланысты сыйақы 3% бастап 10% дейін құрауы мүмкін. Бұл ретте 10% жалақы жобалары аясында кез келген класты карточкаға есептелінеді.

Банк ВТБ (Қазақстан) пакеттік ұсыныстары шеңберінде клиенттер әлемдегі ең танымал Visa халықаралық төлем жүйесінің карталарын алады. Клиенттің таңдаған класы неғұрлым жоғары болса, ол соғұрлым қызметтер пакетіндегі тегін артықшылықтарды алатын болады.

Банк ВТБ (Қазақстан) карталарының тағы бір артықшылығы - банкоматтардан қолма-қол ақшаны тегін шешіп алу мүмкіндігі. Мысалға, Visa Classic, Visa Gold және Visa Platinum карталарының иелері Банк, ВТБ Тобы (ТМД) және Халық Банкі желісі банкоматтарынан қолма-қол ақшаны тегін шешіп алуларына болады. Егер тізіп көрсетілген бұл банкоматтарды клиент таппайтын болса немесе шетелде жүрсе, Банк әлемнің кез келген түкпірінен қолма-қол ақшаны шешіп алу бойынша 5 тегін операцияға дейін жүргізу мүмкіндігін ұсынады.

Сипатталған артықшылықтарды жалақы жобасы шеңберінде ресімделген банктік төлем карталарының иелері де алады. Бұған қоса пакеттік тарифтерден бонустарды ұйым қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар оның басшылары да алады. Осымен, пакеттік тарифтер шеңберінде заңды тұлғалар үшін мыналар қарастырылған: Банктің бүкіл дерлік пакеттері бойынша жалақыны есепке жатқызу үшін комиссияның алынбауы, шотты бар болғаны 1 теңгеге ашу, компания басшылығына арналған қызмет көрсетілімі тегін болып келетін жоғары класты қосымша карточкаларды шығару мүмкіндігі.

Пакеттік тарифтер туралы толығырақ ақпаратты Банк ВТБ (Қазақстан) кез келген бөлімшесінен немесе мобильді телефоннан 5050 нөмірі бойынша білуге болады.