Банк ВТБ (Қазақстан) VISA карталарын ұстаушыларға арналған UBER науқаны

25.11.2016

Құрметті клиенттер!

Егер Сіз UBER такси қызметін пайдалануды көптен бері жоспарлап жүрсеңіз, алайда оның орайы әлі түспеген болса, оны тап қазір жасайтын уақыт келді! 2016 жылдың 14 қарашасынан бастап 2017 жылдың 20 қаңтарына дейін UBER жаңа клиенттері Банк ВТБ (Қазақстан) VISA төлем картасымен төлем жасаған кезде алғашқы үш сапарға 50% -ға жеңілдік алады!

Науқанға қатысу үшін мына амалдарды орындау қажет:

  • Өзіңіздің смартфоныңызға Uber қосымшасын жүктеу,
  • жүйеде Visa картасын тіркеу,
  • тапсырысқа төлем жасау кезінде VISAKZ промокодын енгізу.

Ұсыныс тек қана Алматы мен Астана қалаларындағы Uber жаңа пайдаланушыларына арналған, жеңілдіктің максималды сомасы – бір сапарға 1000 теңге. Науқан шеңберінде сапарға төлемді Visa картасымен қолма-қолсыз жолмен жүргізуге болады.

Айта кететіні, аталмыш банктік карталар Uber жүйесінде бүгінгі таңдағы ең жетілдірілген – 12-биттік шифрлану қорғау технологиясымен сенімді қорғалған. Бұл шифрлау рұқсатсыз пайдалану мақсатында карта деректерін біліп қоюға жол бермейді. Пайдаланушының аккаунтына үшінші тұлғалардың қолжеткізу ықтималдығын болдырмау үшін Uber-дегі өз аккаунттарға басқа онлайн-серверлерде (әлеуметтік желілер, пошта және т.с.с.) қолданылмайтын бірегей логиндар мен құпиясөздерді таңдауға кеңес беріледі.

Егер Uber қосымшасы арқылы жасалатын сапарға төлем жүргізумен байланысты сұрақтар туындайтын болса, қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз (Uber қосымшасындағы «Көмек» бөлімін немесе help.uber.com сайтынан қараңыз).