ВТБ (Қазақстан) банкінің Директорлар кеңесінің құрамы кеңейтілді

15.11.2016

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жалғыз акционері - ВТБ Банкінің (ЖАҚ) 2016 жылғы 14 қарашадағы шешімімен, банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамы сегіз адамға дейін кеңейтілген, Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып Шумейко Анна Викторовна сайланды.

Анна Шумейконың қаржылық басқару саласындағы көпжылдық кәсіби тәжірибесі бар, ВТБ тобының құрылымында 2008 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, қазіргі уақытта вице-президент, ВТБ Банкі (ЖАҚ) Орта бизнесті басқару және үйлестіру басқармасының бастығы болып табылады. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Экономика жоғары мектебін тамамдаған.

ВТБ (Қазақстан) банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Забелло осы тағайындалым жөнінде мынаны атап өтті: «Бүгінгі таңда ВТБ – бұл әлемнің 23 елінде өзінің өкілдіктері бар табысты дамып келе жатқан халықаралық қаржылық топ. Топтың ірі еншілес ұйымы – ВТБ (Қазақстан) банкі осылардың бірі болып табылады. Анна Викторовнаны Директорлар кеңесіне енгізу орта бизнеспен жұмыс жасау бойынша стратегиялық бағыттың күшеюімен байланысты болып келеді».

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazakhstan