S&P «Тұрақты» болжамымен Банк ВТБ (Қазақстан)-ның «ВВ/В» деңгейіндегі рейтингін растады

01.11.2016 2016 жылғы 31 қазанда Standard & Poor's халықаралық рейтингілік агенттіктің кредиттік рейтингілер қызметі Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ үшін «Тұрақты» болжамымен «ВВ/В» ұзақ және қысқа мерзімді кредиттік рейтингілерін растады. Сонымен қатар S&P ұлттық межелік бойынша банктің - «kzA» рейтингін растады.
«Банк, меншіктенушісі мемлекет болып табылатын ресейлік Банк ВТБ (ЖАҚ) үшін «ең жоғарғы стратегиялық маңыздылығы» бар, еншілес құрылымның мәртебесін сақтап қалады және қажет болған жағдайда иегер банк тарапынан қолдау алуды жалғастырады. Осыған байланысты, біз банктің халықаралық межелік бойынша «ВВ/В» және ұлттық межелік бойынша «kzA» кредиттік рейтингілерін растаймыз.»
Банк ВТБ (Қазақстан)-ның рейтингілері бойынша «Тұрақты» болжамы ресейлік Банк ВТБ - иегер құрылымның рейтингілері бойынша ұқсас болжамды және қажет болған жағдайда иегер банк еншілес банкке қолдау көрсетеді деген пікірімізді қамтып көрсетіп тұр» - деп Standard & Poor's агенттігі атап шықты.
Банк ВТБ (Қазақстан) Басқара Төрағасы Дмитрий Забелло: «Бүгінгі күні ВТБ (Қазақстан) банкті дамудың және клиенттермен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа деңгейіне шығаратын бизнес жүргізу амалдарындағы күрделі жүйелік және құрылымдық өзгерістер жүргізу үстінде. Қазақстандағы ВТБ еншілес банкінің жаңа үш жылдық даму стратегиясы 2016 жылдың соңына дейін қабылданады. Қазақстандағы ВТБ еншілес банкінің басты бизнес бағыттарының бірі ел экономикасының дамуында ерекше рөл атқаратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау болып табылады.»


Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді, және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің көлемі жағынан 22 орында тұр. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 38 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы 1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.