Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ басқармасы құрамындағы өзгерістер

27.09.2016

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес 2016 жылғы 26 қыркүйектен бастап Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ басқармасының құрамына Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директоры Динара Жакенова кірді.

Динара Картаевна ВТБ тобында 2010 жылдан бастап, осы уақытқа дейін жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында ол банктің сату бөлімінің бастығынан, бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директорына дейінгі еңбек жолын жүріп өтті.

- Біздің банк жаңару қадамының алдында тұр. Жуық уақытта біз жаңа стратегияны ұсынамыз, дәл осы кезеңде Басқармаға тың, бірақ тәжірибелі көзқарас керек. Динара Жакенова банктің атқару органының жаңартылған құрамынан лайықты орынға ие болады деп сенемін, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло.

Сонымен қатар, Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес кейбір басқарма мүшелерінің, атап айтқанда: тәуекелдер департаменті директоры Динара Калышеваның және корпоративтік бизнесті дамыту департаментінің директоры Асем Кенжебектің басқа жұмысқа ауысуына байланысты уәкілеттіліктері тоқтатылды.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло Динара Калышеваның және Асем Кенжебектің ВТБ еншілес банкінің Қазақстанда қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестерін жоғары бағалап, олардың алдағы уақытта табысқа жетуіне тілек білдірді.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazakhstan