Банк ВТБ (Қазақстан) ресей рубліндегі тікелей өзара есеп айырысуды іске қосты

06.09.2016

Бұл ұсыныс Банктің төлем карточкаларын ұстаушыларына Ресей Федерациясында валютаны айырбастауға шығын шығармай ресей рублімен шот жүргізу валютасымен тікелей өзара есеп айырысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Банктің жаңа өнімі Ресей Федерациясына жиі баратын клиенттерге қызықты болады, енді олар валютаны айырбастағанда шығынданбаса да болады және өзімен бірге үлкен сомада қолма-қол ақша алып жүруге міндетті емес. Сонымен қатар, Ресей Федерациясында өз елінің тарифтері бойынша банкоматтардың қызметін пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, Банк ВТБ (Қазақстан) карточкасын ашу екі есе тартымды болды, - дейді, Банк ВТБ (Қазақстан) Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директоры Динара Жакенова.

Әдетте төлем карталарын пайдаланғанда VISA International халықаралық төлем жүйесімен есеп айырысу АҚШ долларымен жүзеге асырылады, яғни транзакцияны жүзеге асырғанда, тіпті шот рубльмен ашылса да, алдымен АҚШ долларына, содан кейін барып рубльге ауыстырылады. Енді клиенттер валютаны ауыстырмай-ақ қызметті пайдалана алады.  

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazakhstan