Банк ВТБ (Қазақстан) Республиканың агроөнеркәсіп кешеніне арналған автомобиль шиналарын жеткізу жобасын қаржыландырды

25.08.2016

Банк ВТБ (Қазақстан) және «Эйкос» ЖШС 66 млн ресей рублі (900 млн теңге) соманы құрайтын жаңартылатын кредиттік-құжаттамалық желіні ұсыну туралы келісімшартқа қол қойды. «Эйкос» компаниясы алынған қаражатты Қазақстанда агротехникалық кешенді өзінің өнімімен қамтамасыз етуге бағыттайтын болады.

Қазіргі таңда «Эйкос» Қазақстан Республикасы аумағында шина зауыттарының ресми өкілі болып табылады. 20 жылдық табысты жұмысының нәтижесінде компания бизнесті дамытуға бағытталған көптеген бағдарламалар мен жобаларды іске асырды. Бүгінгі таңда «Эйкос» ЖШС базасында Қазақстанның 8 ірі қаласында филиалдар жұмысын жүргізіп келеді, олардың негізінде 15 кәсіби шина орталығы ашылған.

-                      «Эйкос» ЖШС санатында автошиналарды өткізудің қомақты тәжірибесі бар, қазірдің өзінде қазақстандық нарықта қарқынды дамып келе жатқан саланың көшбасшысы ретінде өзінің атын білдіріп үлгерді. Дәлме-дәл өлшеніп-пішілген стратегия компанияға тауар айналымын ұлғайтуға және бизнес-міндеттерді қоюға мүмкіндік беріп отыр, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло. – Компания қызметінің зор әлеуметтік маңызы бар. Біз ашып отырған кредиттік желі қазақстандық ауылшаруашылық өнім өндірушілерінің шина өніміне деген сұранысының едәуір бөлігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде астық дақылдарын жинау науқаны алдында елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар міндет болып табылады.

Тараптар стратегиялық, ұзақ мерзімді серіктестік құруға ұмтылыс жасап, осының аясында қызықты әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жолында бұдан әрі оларға бірлесіп қатысуды жоспарлап отыр.

- Біздің негізгі жабдықтаушыларымыз Ресей Федерациясында орналасқан, олармен жасалатын ақшалай операциялар серіктестік валютасында жүргізіледі. Банктік ұсыныстар мониторингі көрсеткендей, әріптестіктің неғұрлым тиімді шарттарын Банк ВТБ (Қазақстан) ұсынып отыр, - дейді «Эйкос» ЖШС директоры Александр Соловьёв.

- Банктің қаржылық көмегінің арқасында біз өзіміздің тауарларымызды ауылшаруашылық өнім өндірушілеріне астық жинау науқанына дейін жеткізуге келісімшарттарды жасасып үлгердік, осылайша, техника жаңа маусымға сайланған күйінде аяқ баспақ. Қазіргі сәтте біз Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені үшін шина өніміне деген сұранысты 50% астам көлемін қанағаттандыруға қауқарлымыз.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz

Facebook: BankVtbKazakhstan