Тиімді жалақы жобалары

18.08.2016

Банк ВТБ (Қазақстан) жеңілдік тарифтер бойынша жалақы жобаларын ресімдеу акциясының іске қосылатынын қайта жариялайды! Жаңа тиімді шарттар ірі корпорациялардан бастап жеке кәсіпкерлерге дейінгі кез келген ауқымды бизнес үшін қолжетімді.  

-1 000 000 теңге және одан жоғары сомадағы ай сайынғы жалақы қоры бар, 2016 жылдың 15 тамызынан 31 қазанына дейін біздің бөлімшелерге қатынаған жаңа клиенттер банкпен жеңілдік тарифтер бойынша жалақыны дебеттік карталарға есепке жатқызу бойынша шартты жасай алады. - дейді Динара Жакенова, Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директоры. – Тиімді шарттар ұйым басшыларына, сондай-ақ олардың қызметкерлері үшін қарастырылған.

 

Біздің ұсыныстың басты артықшылықтары ішінде:

  • Қазақстан бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) және Халық Банкі банкоматтарынан, сондай-ақ ТМД елдеріндегі (Ресей, Украина, Беларусь, Армения, Әзірбайжан және Грузия ) ВТБ Тобы желісінің банкоматтарынан қолма-қол ақшаны шешіп алғаны үшін комиссия 0%;
  • 0% - төлем карталары ұстаушыларының банктік шоттарына жалақыны есепке жатқызғаны үшін комиссия;
  • халықаралық төлем карточкаларын тегін шығару;
  • VISA Classic халықаралық төлем карточкасына жылдық қызмет көрсету 300 теңге (акциясыз VISA Classic карточкасына жылдық қызмет көрсету 5000 теңгеге дейін жетеді);
  • Интернет-банкингке тегін қосу (ұйым қызметкерлерін);
  • жалақы карталарындағы қалдық ақшаға сыйақы есептеу мүмкіндігі;
  • тауарлар мен қызметтер үшін банктік комиссиясыз төлем жүргізу.

 

Жаңа акция туралы толығырақ ақпаратты мобильді телефоннан 5050 нөміріне қоңырау шалып білуге болады.