Банк ВТБ (Қазақстан) Астанадағы әлеуметтік маңызы бар объект құрылысы бойынша жобаны 800 миллион теңгеге қаржыландырды

13.07.2016 «МТС Компани Лтд» ЖШС және Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕБ Қазақстанның елордасы Астаны қ. орталығындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы үшін 800 миллион теңге мөлшеріндегі несиелік желіні бөлу туралы келісім-шартқа қол қойды.

Астана қ. Айнакөл к. және №23-17 к. қиылысы ауданындағы заманауи үш кіреберісті, жерасты паркингі, балалар алаңы бар және көгалдандырылған үйді тұрғызу 2016 жылдың наурызында басталған. Құрылыс ең жаңа технологиялар мен жоғары сапалы материалды қолдану арқылы жүргізілуде. Осы жобада құрылысшы ақырғы баспананың сапасын, эстетикалық сыртқы көрінісі мен қолжетімді құнын ептілікпен үйлестіре алды. Кешеннің барлық инженерлік желілері орталықтандырылған. Жобамен өзіндік трансформаторлық ішкі станциясы, жылу пункті, сорғы станциясы, автоматты өрт сөндіру, адамдарды эвакуациялауды басқаруға арналған сигналдық хабарландыру қарастырылған. Инженерлік желілер монтаждаудың заманауи технологиялары бойынша жоғары сапалы материалдардан орындалады. Жобада қолданылатын жабдықтар желілердің тиімділігі жоғары жұмысына бағытталған. Энергия үнемдеуші жүйелер қарастырылған.

- «МТС Компани Лтд» ЖШС қазақстандық нарықта 12 жылдан астам жетістікпен жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде компания көптеген объектілерді тұрғызды және пайдаланымға енгізді, республикалық маңызы бар жолдар, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік коридоры мен көптеген басқалардың құрылысына қатысты. Ұйым сенімді өсім пен таза пайданың тұрақты артуын көрсетуде. Біз көріп отырғандай, компанияның дұрыс экономикалық саясаты дағдарыс пен персоналдың қысқаруының алдын алып қана қоймай, сонымен қатар, күрделі экономикалық жағдайларда өсімге қолжеткізуге көмектесуде, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Мүшесі, корпоративтік блок басшысы Асем Кенжебек. – Аталғандардың барлығы қосылған «МТС Компани Лтд» ЖШС-нің әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырудағы оң тәжірибесі аталмыш ортақ жобаны бастауға мүмкіндік берді.
Тараптар стратегиялық, ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға талпынады, оның шеңберінде және болашақта елдегі қызықты жобалар мен әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға бірге қатысуды жоспарлауда.

- Нарықта жұмыс істеу уақытда біз қаржылық құрылымдармен қатынасудың жеткілікті тәжірибесін алдық. Жаңа жобаға қаржыландыру көзін іздеуде біз Қазақстанның бірнеше банктеріне хабарластық және ұсыныстарды қарау үрдісі кезінде-ақ біз Банк ВТБ (Қазақстан) –ға тоқтау шешімін қабылдадық, – дейді «МТС Компани Лтд» ЖШС бірінші басшысы Мыханов Талғат Сартаевич – Бізді несиелік бөлімше қызметкерлерінің біліктілігі, орын алатын мәселелерді шешудегі сауатты көзқарас, жылдамдылық және келісімге келу машығы жаулады. Сонымен қатар, бізге ынтымақтасуды бастау үшін минимум уақыт қажет болды. Бизнес-үрдістердің тиімді және иілгіш жүйесі мен тәуекелділіктерді басқаруға деген салмақты көзқарас арқасында, Банк өзгерістерге оперативті әрекет етеді және клиенттерге оңтайлы өнімдік шешімдер ұсынады.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.