Айналыстағы ұлттық валюта теңге банкноттарын ауыстыру туралы ақпараттық хабар

28.06.2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттардың айналыста болуының аяқталуы туралы қосымша хабарлайды. Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады.

Бұл банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады.

Одан кейін 12 ай ішінде – 2016 жылғы 4 қазан – 2017 жылғы 3 қазан аралығында қоса алғанда – көрсетілген купюралар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталуға тиіс.

ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2020 жылғы 3 қазанға дейін, тегін, комиссия немесе айырбастау үшін ақы алмай қабылданады.

Филиал

Мекенжайы

Орталық филиал

010000, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 21

Ақмола филиалы

020000, Көкшетау қ., Әуезов к-сі, 214

Алматы қалалық филиалы

050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 98

Алматы облыстық филиалы

040008, Талдықорған қ., М. Төлебаев к-сі, 58/64

Атырау филиалы

060002, Атырау қ., Уәлиханов к-сі, 2а

Ақтөбе филиалы

030006, Ақтөбе қ., Асау-Барақ к-сі, 45

Шығыс Қазақстан филиалы

070019, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 3

Жамбыл филиалы

080000, Тараз қ., Қазыбек-би к-сі, 137

Батыс Қазақстан филиалы

090000, Орал қ., Досмұхамедов к-сі, 16

Қызылорда филиалы

120015, Қызылорда қ., Б. Асқар к-сі, 30

Қостанай филиалы

110000, Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 195

Қарағанды филиалы

100000, Қарағанды қ., Бұхар-Жырау к-сі, 19

Маңғыстау филиалы

130000, Ақтау қ., 23-шағынаудан

Павлодар филиалы

140000, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к-сі, 44

Солтүстік Қазақстан филиалы

150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 6

Оңтүстік Қазақстан филиалы

160012, Шымкент қ., Төреқұлов к-сі, 2

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Банкноттарды қабылдау мен айырбастаудан бас тартудың барлық фактілері туралы Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 телефондары бойынша және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 259 68 14 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған байланыс телефондары: +7 (727) 2704-585, +7 (727) 3302-497.