БЖЗҚ бағдарламасын жүзеге асырудың бір айы ішінде Банк ВТБ (Қазақстан) 500 млн. теңгеден артық соманы игерді

27.06.2016 Банк ВТБ (Қазақстан) экономика саласының мынадай кәсіпорындарын қаржыландырып үлгерді, атап айтқанда: құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін сату және қызметтер саласы. БЖЗҚ қаражатынан жеңілдік кредиттендіруді алған жобалардың әрқайсысының өз аймағының экономикасына маңызды әсері бар.

ВТБ (Қазақстан) Банкінің жеңілдік талаптармен қаржыландыруға ие болған алғашқы клиенттерінің бірі «Фирма «Азия» ЖШС болды, оның қызметінің негізгі бағыттары құрылыс, жобалау-іздестіру қызметі және құрылыс материалдарын өндіру болып табылады. Компания ISO 9001:2000 халықаралық сапа стандарттарына сәйкес сертификатталды. «Фирма «Азия» ЖШС орындаған жұмыстар көлемі соңғы жылы 2 млрд. теңгені құрады.

- ШОБ мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында БЖЗҚ қаражатынан біздің компания ВТБ (Қазақстан) Банкінің 242 000 000 теңге сомасына кредиттік желіні ашты. Алынған қаражат өндіріс қуатын арттыруға, сонымен қатар құрылыс бойынша жеңіп шыққан тендер аясында ғимараттарды тұрғызуға бағытталады, - дейді «Фирма «Азия» ЖШС басшысы Сауле Дускужанова. – БЖЗҚ бағдарламасы бойынша бизнес-кредиттеу – дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың өте жақсы құралы. Осы бағдарламаның зор пайдасы мынада - кредиттеудің жеңілдік мөлшерлемелерінен басқа, біз кредит бойынша сыйақы бөлігін мемлекеттік субсидиялау мүмкіндігіне ие боламыз. Әлем экономикасында қаржылық тұрақсыздықтың есебімен, табиғи экономикалық іріктеу заманында, көптеген құрылыс ұйымдары дағдарысқа ұшырап жатқан кезде, біздің компания, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын пайдалана отырып және «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Президент Жолдауын басшылыққа алып, одан әрі тұрақты және прогрессивтік дамуға мақсат қойды.

БЖЗҚ бағдарламасы аясында, Банк ВТБ (Қазақстан) соңғы қарыз алушылар үшін 36 айдан артық емес мерзімге жылдық 19%-дан артық емес атаулы сыйақы мөлшерлемесімен теңгемен қарыз береді. Кредиттің максималды сомасы жоба экономиканың қай саласында жүзеге асырылатынына байланысты болады, атап айтқанда: «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында экономиканың басым секторларында жүзеге асыруға жоспарланатын/жүзеге асырылатын жобалар бойынша 4 500 000 000 теңгеге дейін; салалық шектеулерсіз жобалар бойынша 750 000 000 теңгеге дейін. Бұл орайда, соңғы қарыз алушылар субсидиялауға және/немесе кепілдендіруге ие болу үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына қатысуға өтініш бере алады.

- БЖЗҚ қаражатынан бизнесті қаржыландыру бағдарламасы банктің, сондай-ақ соңғы қарыз алушылардың қызығушылығын туғызады. Банк қосымша өтімділік алды, сәйкесінше жеңілдік жағдайлармен қарыз беру мүмкіндігін де алды, бұның дағдарыс кезеңінде ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар. Соңғы қарыз алушыларда бірнеше артықшылықтар бар: төмендетілген мөлшерлемелер бойынша кредит және қарыз бойынша сыйақыны мемлекеттік субсидиялауды алу мүмкіндігі. Сонымен қатар, кәсіпкерлер бұрын алған қарыздарын неғұрлым тиімді шарттармен қайта қаржыландыра алады, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло, - осы бағдарламаның басқа мемлекеттік бағдарламаларынан тағы бір артықшылығы – экономиканың басым салаларына қатысты емес ШОБ субъектілерін субсидиялау мүмкіндігі болып табылады.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.