Банк ВТБ (Қазақстан) жаңартылған кредиттік карточканы ұсынады

16.06.2016

Кредиттік карточка – бұл Сіз қай жерде жүрсеңіз де кез келген сатып алуды және қызметтерді төлеудің заманауи және ыңғайлы тәсілі. Қажетті сома әрқашан қолыңызда болады!

Банк ВТБ (Қазақстан) ұсынатын халықаралық кредиттік карточка екі күнтізбелік айға дейін пайыздар есептемей кредиттік қаражатты пайдалануға мүмкіндік береді! Кредиттік картаның тағы бір артықшылығы: егер клиент қарызды жеңілдік кезең аяқталғанға дейін қайтармаса, сыйақы лимиттің бүкіл сомасына есептелінбейді, тек нақты пайдаланған күндер үшін және нақты пайдаланған сомаға есептелінеді.

- Біз жаңартылған өнімді ұсынуға қуаныштымыз, ол біздің клиенттердің мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Демалыс кезеңдерінде Банк ВТБ (Қазақстан)-ның халықаралық кредиттік карточкасы сіздің таптырмас досыңызға айналуы мүмкін. Әлемнің кез келген жерінде, кез келген ыңғайлы уақытта Сіз картадан қажетті соманы алып, содан кейін оны жеңілдік кезеңнің ішінде пайыздарсыз қайтара аласыз, ол екі күнтізбелік айды құрайды!, - дейді Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директоры Динара Жакенова. – Жаңартылған өнімнің басты артықшылығы – Банк ВТБ (Қазақстан) номиналды пайыздық мөлшерлемені жылдық 36%-дан 23%-ға дейін төмендетті*! Бұл - кредиттік карточканы пайдалану біздің клиенттер үшін тиімдірек болғанын білдіреді.

Банк ВТБ (Қазақстан)-ның халықаралық картасының артықшылықтары:

  • Банк ұсынған кредиттік лимит шегінде дүниежүзі бойынша тауарлар мен қызметтерді төлеу мүмкіндігі;

  • күтпеген жағдайларда қаржы резерві;

  • сыйақыны тек пайдаланған сомаға ғана есептеу, егер кредиттік лимит пайдаланылмаса, ештеңе төлеудің қажеті жоқ;

  • мерзімнен бұрын өтеу мүмкіндігі (қолма-қол, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен);

  • төлем карточкасындағы ақшаның қауіпсіздігі және қорғалудың жоғары деңгейі;

  • қайта қалпына келтіру мүмкіндігі: өтеуге бағытталған сомаларды қайтадан пайдалануға болады;

  • сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңнің болуы.

*Жылдық тиімді мөлшерлеме 25.58%

Толық ақпаратты Сіз ұялы телефоннан 5050 нөмірі бойынша немесе Қазақстандағы Банк ВТБ-ның бөлімшелерінен алуыңызға болады.