Банк ВТБ (Қазақстан) басшылығы АЭФ-ке белсенді қатысуда

26.05.2016

Кеше Астанада «Астана экономикалық форумы - 2016»: Еуразияның қаржылық сын-тегеуріндері» өз жұмысын бастады!

Бұл континенттік маңызы бар жыл сайынғы оқиға алаңында әлемге танымал сарапшылар, саясатшылар, ірі қаржылық құрылымдардың жетекшілері, халықаралық ұйымдардың басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары мен ғалымдар жиналды. Бұл жылы форумның пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев негізгі спикер болып сөз сөйледі.

«АЭФ-тың басты тақырыбы – «Жаңа экономикалық ақиқат: әртараптандыру, иннова­ция­лар және білім экономикасы». Бірнеше отырыстар қаржы және банк секторының дамуы, ақша-кредит саясатының және капитал басқару элементтерінің режимге қайтару мүмкіндігі болашағына арналмақ.

Банк ВТБ (Қазақстан), халықаралық қаржы тобының өкілі ретінде осындай ауқымды экономикалық іс-шараны жіберіп алуы мүмкін емес. Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло және Басқарма мүшесі, Банк ВТБ (Қазақстан)-ның корпоративтік блок басшысы Асем Кенжебек те форумға қатысты.

Жаңа экономикалық ақиқат туралы көзқарасын Дмитрий Забелло «Atameken Business Channel» онлайн телевизиясына берген сұхбатында әңгімелеп берді.

- Әлбетте, бізге әлемдік экономика мен еуразиялық нарық қойған барлық трендтер бүгінде анық қалыптасты. Қазақстанда өткен девальвация – нарықтың жақсы белгісі болып табылады. Біздің пікірімізше валюталық нарық бойынша негізгі күрделі қозғалыстар артта қалды. Экономика тұрғысынан қалыптасқан экономикалық жағдайға барабар бағамның болғаны әрқашан дұрыс. Қазақстан мен Ресейде бағамның бірнеше драйверлері бар. Олардың бірі – ол энергия тасымалдаушылардың құны болып табылады, ресурстар құны мен валюталар бағамы арасында үлкен алшақтықтың болғаны дұрыс емес. Әрқашан баланс болуы керек. Қазіргі таңда – өзгермелі бағам, бұл Ұлттық Банк жүзеге асырған ең бір барабар инфрақұрылым өзгерістерінің бірі шығар және біз оны толық қолдаймыз, - деді Дмитрий Александрович. – Қазіргі уақытта банктер дағдарыс режимінде жұмыс істейді, дегенмен өткір кезеңі, бәлкім, ендігі артта қалған шығар. Банк ВТБ (Қазақстан)-да біз бүгін өнімдердің түрлерін өзгертіп жатырмыз, тәуекел-профильдерді толығымен қайта қарастырудамыз, бизнеске жаңа тәсілдемелер іздеп жатырмыз және сонымен қатар жаңа өсу нүктелерін байқап көрудеміз. Біз бүгін Қазақстандағы біздің банктің алдағы 3 жылда даму стратегиясын талқылаудың белсенді сатысында тұрмыз, біз өсуге ниеттіміз, ол анық, бірақ, бар ақиқатты ескере отырып, сақ өсудеміз.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады http://cdn.platformcraft.ru/atameken/programms/aef/aef_2016_banky_uliya.mp4