Банк ВТБ (Қазақстан) өз салымшылары арасында 10 000 000 теңгені ұтысқа салды

17.05.2016

2016 жылғы 30 сәуірде Банк ВТБ (Қазақстан)-ның дәстүрге айналған «Ақшаға ақша» акциясы аяқталды, оның қорытындысы бойынша Банк салымшылары - Visa Instant Issue төлем карточкаларының ұстаушылары арасында келесідей ақшалай жүлделер ойнатылды: 153 жүлде – 30 000 теңгеден және 10 бас жүлде – 1 000 000 теңгеден! Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Астана, Алматы, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Кызылорда, Өскемен, Қостанай, Тараз және Ақтөбе қалаларындағы клиенттері ырысты миллионерлер атанды.

         30 000 теңгеден кем болмайтын сомаға депозит ашқанда немесе толықтырғанда үш ай бойы Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері ақшалай жүлде ұтып алуы мүмкін болды. Акцияға қатысушылардың барлығы кездейсоқ компьютерлік іріктеу әдісімен жүлделер үлестірілген нөмірлер бойынша сыйлыққа Visa Instant Issue карталарын алды. Ұтыс ойынының әділ жүргізілуін арнайы комиссия қадағалады.

      - Біз «Ақшаға ақша» акциясын екі рет ұйымдастырып үлгердік, олардың қорытындысы бойынша банктің 15 клиенті миллионер атанса, 153 клиенті 30 000 теңге көлемінде ақшалай жүлдеге ие болды және 330 клиент – 15 000 теңгеден алды. Сыйлықтарды елдің барлық аймақтарындағы салымшыларымыздың алғанын айта кетейік, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло, - Біздің клиенттеріміздің белсенділігі мен пікірлеріне зер салсақ, ақшалай жүлделер – бұл өзінің капиталын жинақтауды бастауға және оны көбейтуге тамаша ынталандыру болып отыр. Біз өз клиенттерімізді қаржылық сауаттылыққа үйретуді өз миссиямыз деп білеміз, көрінеу мысалдар арқылы қаржылық тұрақсыздық кезеңінде өзіндік қаражатты және отбасылық бюджетті дұрыс пайдаланудың маңыздылығын көрсетеміз. Банктің акциялары бұл міндетті жүзеге асыруға ықпалдық етеді.

       Банк ВТБ (Қазақстан) 7 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның қаржы нарығында табысты жұмыс істеп келеді және өз клиенттеріне заманауи банкілік өнімдер мен қызметтердің толық кешенін ұсынып келеді. Банктің даму бағыттарының ішіндегі басымдыққа иелері: жеке тұлғаларға арналған өнімдер мен қызметтерді жетілдіру, клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын ұдайы жақсарту, оның ішінде қашықтықтан қызмет көрсету арналары (интернет-банкинг, ақпараттық-төлем терминалдары).

Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді, және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің көлемі жағынан 20 орында тұр. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 38 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz

Facebook: BankVtbKazakhstan