Банк ВТБ (Қазақстан) қашықтан қызмет көрсету арналарының жаңа функциялары

20.04.2016

Қашықтан қызмет көрсету – бұл тиімді және ең бастысы клиент пен банктің өзара әрекеті үшін ең ыңғайлы жол, соның арқасында клиент өзіне ыңғайлы кез келген уақытта онлайн режимінде өз қаражатын басқарады, сондай-ақ қызметтердің кең ауқымын алуына болады.

Біз үнемі АТ-бағытын жетілдіріп отырамыз және Банк ВТБ (Қазақстан) банкоматтары мен ақпараттық-төлем терминалдарының (АТТ) функцияларын кеңейту арқылы Сізде көптеген банктік операцияларды орындауды айтарлықтай жеңілдету мүмкіндігі пайда болғанын хабарлауға қуаныштымыз! Біздің көп функциялы АТТ мен банкоматтарымызды пайдалана отырып, Сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта ақша аударымдарын жүзеге асырасыз, кредиттерді өтейсіз, депозиттерді толықтырасыз, қажетті ай сайынғы төлемдерді төлейсіз және басқа операцияларды орындай аласыз.

Енді банктің АТТ мен банкоматтарында мынадай қызметтер қол жетімді:

1. Картаны пайдаланбай төлем карточкасын қолма-қол ақшамен толықтыру (тек АТТ-да).

2. Ағымдағы шотты қолма-қол ақшамен толықтыру (тек АТТ-да).

3. Депозитті қолма-қол ақшамен толықтыру (тек АТТ-да).

4. Картаны пайдаланып төлем карточкасына ағымдағы шоттан аудару (АТТ-да және банкоматтарда).

5. Картаны пайдаланып өз төлем карточкалары арасында аудару (АТТ-да және банкоматтарда).

Қызметтердің толық тізімімен Сіз Банк сайтында http://www.vtb-bank.kz/banking/ таныса аласыз:

Қымбат уақытыңызды кезекте тұруға жоғалтпаңыз, Банк ВТБ (Қазақстан)-ның қашықтан қызмет көрсету арналарын пайдаланыңыз!