ВТБ (Қазақстан) интернет-банкингіне қосылудың 4 жолы

20.04.2016

Кезекте тұрғанды немесе банкке бару үшін жұмыстан сұрануды ұнатпайсыз ба? Арнайы Сіз үшін біз интернет-банкингті енгіздік және оған қосылу процесін барынша жеңілдеттік.

Жуырда біз қашықтан қызмет көрсету жүйесін жетілдірдік, соның арқасында Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карточкаларын ұстаушылар Online VTB жүйесіне кез келген жерде және кез келген уақытта тіркеле алады!

Интернет-банкингке қосылудың ең ыңғайлы жолын өзіңіз таңдаңыз:

1.       https://online.vtb-bank.kz сайтында.

Бұл әдіс банк бөлімшесіне бару ыңғайсыз немесе уақыты жоқтарға қолайлы болады. Жүйеге кез келген уақытта қосылыңыз және үйден шықпай-ақ банктің көптеген қызметтерін пайдаланыңыз!

2.       Банк ВТБ (Қазақстан)-ның (cash-in функциясы бар) банкоматтары арқылы.

Біздің банктің жақын жердегі банкоматынан жалақыңызды шешіп алуды ойладыңыз ба? Уақыт жоғалтпаңыз – бірден интернет-банкинг жүйесіне қосылыңыз және бірнеше рет шерту арқылы өз қаржыңызды оңай басқаратыныңызға көз жеткізесіз!

3.       Банктің ақпараттық-төлем терминалдары арқылы.

Егер сіз бөлімшеге келіп қойған болсаңыз, бірақ кезекте тұрғыңыз келмесе – ақпараттық-төлем терминалын пайдаланыңыз. Қарапайым және түсінікті мәзір Сізге интернет-банкинг жүйесіне өзіңіз қосылуға және банктік операцияларды санаулы минуттарда орындауға мүмкіндік береді!

4.       Банк бөлімшелерінде.

Егер Сіз жаңа технологияларға үйренбеген болсаңыз, бірақ үйренуге дайын болсаңыз – Online VTB жүйесіне банктің кез келген бөлімшесінде қосыла аласыз, мұнда сізге қашықтан басқару жүйесін пайдаланудың барлық егжей-тегжейлерін түсіндіреді. Сондай-ақ, бұл әдіс банктің төлем картасын ресімдемегендерге де қолайлы болады.

Естеріңізге сала кетейік, интернет-банкингке қосылу төлем карталарын ұстаушыларға ғана қол жетімді. Айтпақшы, егер Сіз Банк ВТБ (Қазақстан)-да 2016 жылғы 30 сәуірге дейін депозит ашатын болсаңыз, онда сіз картаны тегін аласыз, сондай-ақ «Ақша ақшаға» акциясына қатысатын боласыз, оның аясында 30 000 теңгеден 153 жүлде және 1 000 000 теңге мөлшерінде 10 жүлде ойнатылатын болады!

Одан басқа, ВТБ (Қазақстан) интернет-банкингін пайдаланушылардың 1 наурыз бен 30 маусым аралығындағы кезеңде соңғы буынның көп функциялы планшетін - Ipad Air2 ұтып алу мүмкіндіктері бар. Ай сайын өткізілетін үш Ipad Air2 ұтысына қатысу үшін Online VTB жүйесінде бір ай ішінде көлемі 50 000 теңгеден асатын 15-тен көп операцияларды орындау қажет. Алғашқы жеңімпаздар өз планшеттерін алып кетті. Сіз де тездетіңіз – тезірек интернет-банкингке қосылыңыз!