«Online VTB тиімді төлемдер» акциясы бойынша алғашқы жүлде ұтыс ойынының нәтижелері

14.04.2016

Бүгін жолы болған бірінші Ipad Air2 иелері анықталды, олар Астаналық филиалдың және Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Павлодар қ. филиалының 2 клиенті болды.

Жүлделер ұтысы комиссияның қатысуымен, кездейсоқ компьютерлік таңдау әдісімен өткізілді. Акция шарттары бойынша интернет-банкинг пайдаланушылар сомасы 50 000 теңгеден асатын 15-тен жоғары төлемдерді жүзеге асыруы тиіс болатын. Online VTB-ның ең белсенді пайдаланушылары Астана, Алматы, Атырау, Талдықорған және Павлодар тұрғындары болды.

Акция басталғаннан бері бірінші айдың ішінде интернет-банкингте төлемдер көлемінің елеулі артқаны байқалады, ол қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесінің өзектілігін және ыңғайлы екенін дәлелдейді. «Online VTB тиімді төлемдер» акциясы ай сайынғы үш Ipad Air2 ұтыс ойынымен 30 маусымға дейін созылады.

12.04.2016 ж. жүлде ұтыс ойынының нәтижелері