ҚР Ұлттық Банкі Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің Төрағасына келісім берді

11.04.2016

Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттардың сай келуін анықтау мәселелері бойынша ҚРҰБ жанындағы комиссия Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметіне Михаил Эдуардович Осеевскийді тағайындауға келісім берді.

Михаил Осеевский Банк Директорлар кеңесінің басшысы болып 2016 жылғы 15 наурызда тағайындалды. Сондай-ақ ол Банк ВТБ – Банк ВТБ (Қазақстан) бас компаниясының президенті – басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Михаил Эдуардовичтің мемлекеттік және қаржылық басқару саласында көп жылдық кәсіби тәжірибесі бар. Бұрын «Санкт-Петербургская валютная биржа» ЖАҚ-та басқарушы, Санкт-Петербургтің вице-губернаторы, РФ Экономикалық даму министрінің орынбасары қызметтерін атқарған. ВТБ тобының құрылымында 4 жыл жұмыс істеді. Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаттарын алған: ІІ дәрежелі «Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін» ордені медалі және Достық медалі.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді, және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің көлемі жағынан 22 орында тұр. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazakhstan