Алматыда «Мұз аренасы» спорт кешенінің сырғанау мұз айдынының көрсетілімі өтті

28.03.2016

Нысанның құрылысы мемлекеттік қаржыландыру мен Банк ВТБ (Қазастан)-ның қаржылай қолдауы есебінен жүріп жатыр. Сырғанау мұз айдынының ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек қатысты.

Алматы қаласының Медеу ауданында сырғанау мұз айдыны бар «Мұз аренасы» спорт кешенін салу 2014 жылдың мамыр айында басталған. Нысан 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың негізгі алаңдарының бірі болып табылады, оның ауданы 16,942 мың шаршы метр алатын болады. Құрылыс өзара өткел арқылы жалғасқан 327 көрерменге арналған сырғанау мұз айдынынан және 3 463 көрерменге арналған мұз аренасынан тұрады.

- ВТБ халықаралық тобы өз қызметін жүргізетін елдердің көбінде спорт инфрақұрылымын дамытуға қатысады. Біз болашақта халықаралық жарыстарды және мәдени-бұқаралық іс-шараларды жоғары дәрежеде өткізуге мүмкіндік беретін Универсиаданың ең маңызды нысанын тұрғызуға ат салысқанымыз үшін өте қуаныштымыз. Біз студенттік ойындардың негізгі нысаны атағынан бөлек, кешеннің оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары үшін демалатын және спортпен шұғылданатын сүйікті орнына айналатынына сенімдіміз, - деп, басқарма мүшесі, Банк ВТБ (Қазақстан) Корпоративтік бизнес басшысы Әсем Кенжебек атап өтті.

Құрамына Мұз айдыны құрылысының бас мердігері болып табылатын «Ария-Жана Астана» ЖШС кіретін «BAUR Kazakhstan» холдингі өкілдері жаңа кешеннің ерекшеліктері жайында айтып өтті:

- Құрылыс шынында да ауқымды, оның жалпы ауданы 67 476,9 шаршы метр құрайтын болады. Спорт кешені ауқымды концерттер өткізуге мүмкіндік береді, дыбыс пен жарық берудің заманауи шешімдері қарастырылған. Нысандар жабдықталған залдары, келіссөз алаңдары және тағы сол сияқтылары бар түрлі деңгейдегі конференциялар, форумдар мен көрмелер өткізу үшін тамаша жоспарланған. Кешен аумағы қала тұрғындарының демалуы үшін пайдалануға және мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге мүмкіндік береді, - деді BAUR Kazakhstan Президенті Бақыт Аманжолұлы Қабенов.

Құрылысшылардың жоспарына сәйкес нысан толығымен 2016 жылдың тамыз айында пайдалануға берілетін болады. 


Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді, және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің көлемі жағынан 20 орында тұр. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 38 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazakhstan