Банк ВТБ (Қазақстан) теңгемен кредит беруді қайта бастады

17.03.2016

2016 жылғы 17 наурыздан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) бөлшек сегмент үшін жаңартылған өнімді іске қосқанын жариялады. Енді жеке тұлғаларға «Кепілсіз қолма-қол кредиттер» 5 000 000 теңгеге дейін, ең ұзақ мерзімі 5 жылға дейін. Қарыз бір ғана құжат – жеке куәлікпен ресімделеді.

- Үкімет пен Ұлттық Банктің елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін қабылдаған шаралары оң нәтиежелерін көрсетуде. Нарықтағы өтімділік жағдайы тұрақтанды және біз жаңартылған және жақсартылған өнім бойынша жеке тұлғаларға теңгемен кредит беруді қайта бастағанымызды хабарлауға қуаныштымыз. Біздің клиенттерімізге бұл өте жақсы жаңалық екеніне сенімдіміз, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.

Анықтама үшін:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан аса уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 20-шы орынды алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 39 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық офисі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің №1.2.14/39 лицензиясы 2014 жылғы 23 желтоқсанда берілген.