Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесін Михаил Осеевский

16.03.2016

Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің шешімімен 2016 жылғы 15 наурыздан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып банк ВТБ Президенті - басқарма төрағасының орынбасары Михаил Эдуардович Осеевский тағайындалды.

Михаил Осеевский мемлекеттік және қаржылық басқару саласындағы көпжылдық кәсіби тәжірибеге ие, ВТБ тобының құрылымында 4 жыл жұмыс істеп келеді.

«Бүгінгі күні ВТБ – сәтті даму үстіндегі халықаралық қаржы тобы, оның әлемнің 23 елінде өз өкілдіктері бар. Олардың бірі Банк ВТБ (Қазақстан) болып табылады, ол топтың ірі еншілес ұйымы. Біз Қазақстан Республикасындағы топты дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыра отырып, бұл елде бизнесті нығайтуды және кеңейтуді көздейміз», - дейді Михаил Осеевский.

Михаил Осеевскийдің тағайындалуы жайында айта келе Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло «Қазақстандағы ВТБ еншілес банкінің бизнесті дамыту бойынша маңызды жоспарлар жүктелген топтың стратегиялық маңызды құрылымына айналғанын және бұл факті Қазақстандағы банк акционерінің мүддесін енді Банк ВТБ (Қазақстан) Президенті-төраға орынбасары Михаил Осеевский білдіретіндігімен расталатынын» атап өтті.

Анықтама ретінде:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді, және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің көлемі жағынан 20 орында тұр. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazakhstan