«Ақшаға ақша» акциясы бойынша жүлделердің алғашқы ұтыс ойынының нәтижелері

14.03.2016

10 наурызда Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Бас кеңсесінде мерзімі 12 айдан асатын депозитті 30 000 теңгеден артық сомаға ашқан немесе толықтырған төлем карталарын ұстаушылар арасында ақшалай жүлделердің алғашқы ұтыс ойыны өткізілді.

Қазақстан бойынша 17 филиалдың әрқайсысында 30 000 теңгеден ұтқан 3 (үш) жеңімпаз анықталды.

Ұтыс ойыны комисияның қатысуымен, шоттарды кездейсоқ компьютерлік іріктеу әдісімен өткізілді.

«Ақшаға ақша» акциясын өткізу тәртібіне сәйкес осы айдың жеңімпаздары акцияның кейінгі айларында 30 000 теңгелік ұтыс ойындарына қатыса алмайды, алайда 2016 жылдың мамыр айында болатын 1 000 000 теңгеден он бас жүлдені ойнатуға міндетті түрде қатысады.

Ақшалай жүлделер жуық арада жеңімпаздарға ұтысты төлем карточкалардың нөмірлеріне есептелетін болады.

«Ақшаға ақша» акциясы жалғасуда және де күннен күнге Банк ВТБ-ға қазақстандықтарды көптеп тартуда, себебі Банкте жинақтарды сақтаудың артықшылықтары мол болып келеді, атап айтқанда олар: теңгеде жылдық 14,9% дейінгі тиімді % мөлшерлеме, Банктің тұрақтылығы мен жоғары рейтингі, ыңғайлы әрі тиімді Интернет-банкинг пен ай сайынғы ақшалай ұтыстар.  

Результаты розыгрыша призов