«Тәлімгерлік» жобасы студенттерге кәсіби қауымдастыққа жол ашады

02.03.2016

2016 жылғы ақпанда Қазақстанның 6 аймағынан 40 студент Банк ВТБ-да (Қазақстан) еңбек практикасына кірісті. «Тәлімгерлік» бағдарламасы аясында қаржылық жоғары оқу орындарының ең талантты түлектері қосымша оқу курсынан, практикалық тағылымдамадан өтеді және банк ұжымына қабылдану мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Банк ВТБ (Қазақстан) алғаш рет «Тәлімгерлік» бағдарламасын қоғамға 2014 жылы ұсынған еді. Жоғары оқу орындарының студенттері үшін бірегей болып келетін бұл жүйе студенттер үшін кәсіби қауымдастыққа жол ашып қана қоймайды, сонымен қатар қысқа мерзім ішінде жаңа, ересек өмірге бейімделуге мүмкіндік береді.

- Бүгінде көптеген суденттер диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасу қыиындығына тап болады. «Тәжірибең жоқ – жұмыс та жоқ!» - көптеген қазақстандық компаниялардың есігін ашатын түлектер осындай жауаптар алады. Банк ВТБ (Қазақстан) әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін компания ретінде бұл проблеманы шешудің өзіндік тәсілдемесін әзірледі, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасының Кеңесшісі Алла Пономарева. – Біз түлектерге банк қызметкерінің практикалық дағдыларына тегін үйренуді және тағылымдамадан өтуді ұсынамыз, одан сәтті өткен үздік студенттер банк штатына қабылдануы мүмкін.

«Тәлімгерлік» бағдарламасын жүзеге асыру бірнеше кезеңмен жүргізіледі. Бастапқыда түлектер тестіленеді, сауалнаманың қорытындысы бойынша неғұрлым таланттыларына банктің күнделікті тыныс-тіршілігіне мейілінше жақындатылған оқу курсынан өту ұсыналады. Содан соң «Банк ісінің негіздері» бейімделген бағдарламасы бойынша жалпы еңбек практикасы мен мамандығы бойынша тағылымдамаға ұласады. Еңбек практикасынан өту кезеңінде әр түлекке жұмыс істеп жүрген банк қызметкерлері қатарынан тәлімгер тағайындалады, жас маманның табыстылығын сол тәлімгер бағалайды. Бағдарламдан сәтті өткеннен кейін тағылымгер банк штатына қабылданады, не болмаса қаржы саласында жұмыс табуды барынша жеңілдететін мінездеме мен практикалық тәжірибе алады.

«Тәлімгерлік» бағдарламасы жұмыс істеп жатқан кезең ішінде тестілеуге 500-ге жуық адам қатысып, олардың ішінен 50 адам 2015 жылы Банк ВТБ-ға (Қазақстан) жұмысқа қабылданды. Банк бағдарламаны жүзеге асыру аумағын жыл сайын кеңейтуді және және көбірек жоғары оқу орындарын қамтуды жоспарлауда.

Өткен жылы «Тәлімгерлік» бағдарламасы қызметкерлерді басқару саласындағы барынша табысты жұмысы үшін берілетін «Қазақстанның HR-бренді» тәуелсіз жыл сайынғы сыйлығының номинанты атанды.



Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан аса уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 17-ші орынды алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 44 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің №1.2.14/39 лицензиясы 2014 жылғы 23 желтоқсанда берілген.

Қосымша түсіндірмелер алу үшін Сіздер әрқашан баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Арина Пирогова 
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazahstan