Банк ВТБ (Қазақстан) «Online VTB» Интернет-банкингін пайдаланушылар арасында 12 планшет ойнатады

29.02.2016

Акция «Выгодные платежи в Online VTB»

«Online VTB-дағы тиімді төлемдер» жаңа акциясы Банк клиенттеріне өз уақытын және ақшасын үнемдеуге, сонымен қатар Ipad Air2 ұтып алуға мүмкіндік береді.


- Статистика Интернет-банкинг жүйесінде төлемдердің өскенін көрсетеді, көптеген клиенттер Online VTB-ны белсенді пайдаланушылардың қатарына қосылуда. Жаңа акция – ол белгілі бір дәрежеде ең адал және белсенді клиенттерге сыйлық болып табылады, өйткені біз ай сайын 3 Ipad Air2 ойнатамыз, – деді Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директоры Динара Жакенова. – Ұтыс ойынына қатысу үшін айына сомасы 50 000 теңгеден асатын 15-тен көп транзакция жүргізу қажет.


Интернет-төлемдер ҚР қолма-қол ақшасыз төлемдер болашағы болып табылады, саны жағынан 22% астам үлесті құрап, төлемдер көлемінің өскенін көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасында соңғы 5 жылда қолма-қол емес төлемдердің арту серпіні транзакциялар санының 2,8 есе және көлемінің 1,8 есе өскенін көрсетеді. Алайда, қашықтан банктік қызмет көрсетудің және электрондық сауданың айқын артықшылықтары бола тұра (ең аз еңбек шығындары және уақытты үнемдеу), қолма-қол ақшасыз төлемдерді халық дұрыс бағаламай келеді. On-line төлемдердің бұқара топқа баяу енуінің негізгі мәселесі – технологиялылық үрей. Жаңа акцияны іске қоса отырып, Банк ВТБ (Қазақстан) халықтың Интернет-банкинг мүмкіндіктері туралы хабарын арттыруға және пайдаланушы белсенділігін арттыруға мүдделі.

Интернет-банкинг өмірді айтарлықтай жеңілдетеді: кезекке тұрудың, жұмыстан сұранудың немесе төлемдер жасау үшін түскі үзілісті жоғалтудың қажеті жоқ, өйткені «виртуалды бөлімше» тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді және интернет желісіне қатынау бар кез келген жерде қол жетімді.

«Online VTB-дағы тиімді төлемдер» акциясы 2016 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.

Акция туралы толығырақ 5050 телефоны бойынша – ұялы телефоннан тегін немесе Қазақстандағы Банк ВТБ-ның бөлімшелерінде.