Банк ВТБ (Қазақстан) «Даму» қорының қаражатын табысты игерді және жаңа транш алды

24.02.2016

2016 жылғы ақпанның басында Банк ВТБ (Қазақстан) мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында 500 000 000 теңге көлемінде, 7 жыл мерзімге «Даму -Аймақтар III» ШОБ субъектілерінің аймақтық басым жобаларын қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы жаңа келісімге қол қойылды.  

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ «Даму» КДҚ-мен 2011 жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында Банк ВТБ (Қазақстан) «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасының, «Даму -Аймақтар III» шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің аймақтық басым жобаларын қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасының, сонымен қатар Әйелдер кәсіпкерлігін микрокредиттеу бағдарламасының мүшесі болып табылады.

01.01.2016 ж. жағдай бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы аясында Банк портфелінде көлемі 11,5 млрд. теңгеден астам 339 қарыз (Бағдарламаның 1 және 2 бағыттары бойынша) бар, олардың ішінде 37 қарыз Алматы және Астана қалаларында және 302-сі республика аймақтарында берілген.

«Даму -Аймақтар III» және «Әйелдер кәсіпкерлігі» бағдарламалары аясында шартталған қаражатты орналастыру бөлігінде 01.01.2016 жылы Банк портфелінде көлемі 1,5 млрд.теңгеден астам 190 қарыз бар, олардың ішінде 15 қарыз Алматы және Астана қалаларында және 175-і республика аймақтарында игерілген.

- Мемлекеттік бағдарламалар аясында қаражатты табысты игеру банктің «Даму» қорымен тығыз жұмыс істеуінің нәтижесінде мүмкін болды. Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін банк арнайы әдістемелік база әзірледі, тұрақты түрде семинарлар өткізіледі және Қор қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс топтарын құрды. Жобаларды қарау кезінде банк кәсіпкерлерге қолайлы қаржыландыру шарттарын ұсынуға дайын, айтатын болсақ, жоғары емес пайыздық мөлшерлеме, кредит беру мерзімі 7 жылға дейін (инвестжобалар), бизнесті есепке ала отырып, жеке өтеу кестесін жасау, жеңілдік өтеу кезеңі, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло. – «Даму» қорымен банктің табысты ынтымақтасуы болашақта барлық бірлескен жобалар Қазақстандағы шағын және орта бизнесті нығайтуға және еліміздің экономикасын дамытуға ықпал ететін болады деп айтуға мүмкіндік береді.

Банк Қазақстанның өңірлерін дамытуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Басым бағыттардың қатарында өндірістегі инновациялар, ауыл шаруашылығы, әйелдер кәсіпкерлігі және өңдеу өнеркәсібі.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан аса уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 20-шы орынды алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық офисі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің №1.2.14/39 лицензиясы 2014 жылғы 23 желтоқсанда берілген.

Қосымша түсіндірмелер алу үшін Сіз әрдайым баспасөз қызметіне хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web.: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazahstan