ҚР Ұлттық Банкі Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма мүшелерін бекітті

15.02.2016

ҚР ҰБ жанындағы қаржы ұйымдарының, банкілік, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ басшы қызметкерлері лауазымына үміткерлердің сәйкестігін анықтау сұрақтары жөніндегі Комиссия Дмитрий Александрович Забеллоны Банк ВТБ (Қазақстан)    басқарма төрағасы лауазымына бекітті. Сонымен қатар, жоғарыда аталған комиссия Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасының орынбасары лауазымына Туралиева Ирина Игоревнаны бекітті.

Дмитрий Забелло банк саласында 24 жылдан астам, оның 11 жылын ВТБ тобының құрылымында қызмет етіп келеді. Еске салсақ, Дмитрий Александрович басқарма төрағасы лауазымына Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесінің 2015 жылғы 30 қарашадағы шешімімен тағайындалған болатын. Бұдан бұрын ол Банк ВТБ-ның Орынбор облысы бойынша дирекциясы басшысының лауазамында қызмет еткен.

«Мен ҚР Ұлтты банкіндегі әріптестеріме білдірген сенімдері үшін алғыс айтамын. Жуықта Банк ВТБ-да (Қазақстан) жете капиталдандыру процесі аяқталды. Бас компанияның қаржы құюының арқасында банктің жиынтық капиталы 40 млд долларға артты, бұл Топтың қазақстандық нарыққа қатысу мүдделілігінің одан әрі өскенін білдіреді. Жуық арада банк бизнестің негізгі бағыттары бойынша дамуды жалғастыратын болады, негізгі назар технологиялық процестерді жетілдіру мен өз клиенттерімізге қызмет көрсету сапасын жақсартуға аударылатын болады»,- деп атап өтті Дмитрий Забелло.

Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасының орынбасары Туралиева Ирина Игоревна ВТБ тобында 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді, банкінің қаржы блогы мен ақпараттық технологиялар департаментіне жетекшілік етеді.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан аса уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 22-ші орынды алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің №1.2.14/39 лицензиясы 2014 жылғы 23 желтоқсанда берілген.

Қосымша түсіндірмелер алу үшін Сіздер әрқашан баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web.: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazahstan