Банк ВТБ (Қазақстан) өз салымшылары арасында 10 000 000 теңгеден артық ақшаны ұтысқа салады

19.01.2016

2016 жылғы 18 қаңтардан бастап 30 сәуірді қоса алғанда «Ақша ақшаға» жаңа акциясының аясында банк 1 000 000 теңгеден 10 сыйлық және 30 000 теңгеден 153 жүлдені ұтысқа салады. Акцияға депозит ашқан және қолданыстағы салымын 30 000 теңгеге толықтырған банкітің кез-келген клиенті қатыса алады. Депозитті сақтау мерзімі 12 айдан кем болмауы тиіс.

- Өткен жылдың жазында біз осыған ұқсас акция өткіздік, оның қорытындысы бойынша бүкіл Қазақстан бойынша банктің 300-ден астам клиенті 15 000 теңге мөлшерінде жүлделерге қол жеткізіп, бұдан өзге бесеуі миллионер болды, - деді Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директоры Динара Жакенова. – «Ақша ақшаға» атты өткен жолғы акция аяқталғаннан кейін біз клиенттерден көптеген жағымды пікірлер алдық, бұл акцияны қайтадан өткізуге түрткі болды, алайда осы жолы акция талаптары бұрынғыдан да қызығырақ! Банк жүлде қорын екі есе көбейтті! «Ақша ақшаға» делінетін акция атауының негізгі мәнісі мынадай: депозит ашыңыз және ақшалай жүлде ұтып алыңыз, өйткені қағида бойынша ақша ақшаны тартады.

«Ақша ақшаға» Акциясының аясында төрт ұтыс ойыны өтетін болады. Акция өткізілетін әр ай аяқталысымен 30 000 теңге мөлшерінде 51 жүлде ойнатылатын болады. Акция аяқталғаннан кейін арнайы комиссияның қатысуымен кездейсоқ сандар генераторының көмегімен 1 000 000 теңге мөлшеріндегі 10 бас жүлде ұтысқа салынады.

Акцияға Visa Instant Issue төлем карточкаларын ұстаушы болып келетін Банктің барлық клиенттері қатыса алады, бұл карталар депозит ашылғанда ақысыз беріледі.

Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстан қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді және өз клиенттеріне пайдалы депозиттер тізбегін ұсынады. Әр депозит түсінікті және тартымды пайыздық мөлшерлемесі бар қолайлы шарттарды ұштастырады.

Акция туралы толық ақпаратты Банктің кез-келген бөлімшесінен немесе 5050 нөмірі арқылы ұялы телефоннан тегін қоңырау шалып білуге болады.  

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді, және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің көлемі жағынан 20 орында тұр. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazakhstan