Банк ВТБ (Қазақстан) «UnionPay International» халықаралық төлем жүйесінің карталарын қабылдайды және қызмет көрсетеді

14.01.2016

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ «UnionPay International» халықаралық төлем жүйесінің карталарын қабылдау және қызмет көрсету бойынша жобаны сәтімен іске қосты. 2016 жылғы қаңтардан бастап Банктің сауда POS-терминалдары мен банкоматтары Visa және MasterCard қатар UnionPay International халықаралық төлем жүйесінің карталарына қызмет көрсететін болады. UnionPay International халықаралық төлем жүйесі айналыстағы карточкалар саны бойынша әлемде 1 орын алады, қазірдің өзінде 4.5 млрд астам төлем карточкалары шығарылған.

- UnionPay International карталары әлемнің 150 елінде тауарларды, қызметтерді төлеуге және қолма-қол ақша алуға пайдалану мүмкіндігін береді. UnionPay International карталары 40 астам елдерде шығарылады және 6-таңбалы ПИН-кодпен қорғалған, әлемдегі төлем жүйелерінің барлық артықшылықтары бар. Біз жаңа қызметті енгізгеніміз туралы хабарлауға қуаныштымыз, бұл біздің Клиенттерімізге неғұрлым жайлы және қолайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің Директоры                      Динара Жакенова. – 2016 жылы қаңтар айында сауда орындарында POS-терминалдарды міндетті түрде пайдалану туралы заң* күшіне енді, соның аясында UnionPay International ХТЖ енгізу біздің клиенттер - POS-терминалдардың меншік иелеріне өз мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге және клиенттік базасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда республика аумағында Банк ВТБ (Қазақстан)-ның 100-ге жуық банкоматы және 1000 астам POS-терминалы жұмыс істейді.

*«Ақша төлемi мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, бұл ретте ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жердегiлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын және қызметін Астана, Алматы қалаларында, облыстық маңызы бар (адам саны 50 000 асатын) қалаларда жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - Кәсіпкерлер) төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 17-ші орынды алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 44 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық офисі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің №1.2.14/39 лицензиясы 2014 жылғы 23 желтоқсанда берілген.

Қосымша түсіндірмелер алу үшін Сіз әрқашан баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web.: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazahstan