Банк ВТБ (Қазақстан)-ны қайта капиталдандыру процесі аяқталды

12.01.2016

2015 жылғы 31 желтоқсанда Банк ВТБ ЖАҚ – Банк ВТБ (Қазақстан)-ның жалғыз акционері еншілес ұйымына 1 500 000 000 рубль көлемінде тәртіптелген кредит ұсынды, ол қоғамның меншікті капиталының 26,42%-ын құрады.

Осылайша, ВТБ-ның қазақстандағы еншілес ұйымын қайта капиталдандыру процесі аяқталды. Қазіргі сәтте банктің меншікті реттеуіш капиталы 30 млрд астам теңгені құрайды.

- Біз Банк ВТБ (Қазақстан)-ны қайта капиталдандыру процесін аяқтадық. Бас компанияның құюының арқасында банктің жиынтық капиталы 40 млн долларға өсті. Бұл қадамдар Банк ВТБ ЖАҚ тарапынан еншілес қоғамды қолдау бағдарламасымен және қазақстан нарығында қатысу мүддесін кеңейтумен байланысты болып отыр. Тәртіптелген қарыз аясында алынған қаражат меншікті реттеуіш капиталды ұлғайтуға және бизнесті дамытуға бағытталатын болады, - деп түсіндірді Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.

Бұрын Банк ВТБ ЖАҚ – Банк ВТБ (Қазақстан)-ның жалғыз акционері Қазақстандағы еншілес ұйымын 7,3 млрд теңге (24 млн доллар) көлемінде қайта капиталдандырған еді.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 17-ші орынды алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 44 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық офисі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің №1.2.14/39 лицензиясы 2014 жылғы 23 желтоқсанда берілген.

Қосымша түсіндірмелер алу үшін Сіз әрқашан баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web.: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazahstan