ҚРҰБ Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар кеңесінің мүшесі келісілді

06.01.2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Байрам Юсупович Валиевті Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына тағайындау ұсынысына келісім берді.

Байрам Юсупович Валиев ВТБ тобында 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, қаржы саласындағы жалпы жұмыс өтілі 17 жылдан асады.

Байрам Валиев 2012 жылдан бастап «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық Инвестициялық Корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, ВТБ Әзірбайжан бақылау кеңесінің мүшесі болып табылады.