Online VTB Интернет-банкинг бұрынғыдан да қолайлы

24.12.2015

Сіздерге өз уақытыңызды үнемдеу мүмкіндігін пайдалануды ұсынамыз. Уақыт – ең қамбат ресурс. Банк ВТБ (Қазақстан) Online VTB жүйесіне қосылғанда уақытты үнемдеуге болатынын қуана хабарлайды!

- Бұрын Интернет-Банкинг қызметін қосу үшін клиенттердің банк бөлімшесіне келуі тиіс болатын. 2015 жылғы желтоқсаннан бастап барлық Банк ВТБ (Қазақстан) дебет карталары ұстаушылар Online VTB жүйесіне үйінен шықпастан қосыла алады. Бұл үшін жалғыз талап – интернетке қол жетімділік және электрондық құрылғы, - деді Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директоры Динара Жакенова. – Жаңа енгізізілім электрондық төлемдер қауіпсіздігіне әсерін тигізбейді. Бұрынғыша интернет-банкинг сертификатталған криптографиялық қорғаныстың үш деңгейлі жүйесімен жабдықталған.

«Online VTB» интернет-банкингінің мүмкіндігі әрқилы. Бұл қызметтің көмегімен есеп шоттардағы және төлем карталарындағы ақша қаражатының қалдығы мен қозғалысы туралы ақпаратты көруге, кредиттер бойынша ақпарат алуға, есеп шоттар мен карталар бойынша көшірме алуға, өз есеп шоттары арасында ақша аударуды жүзеге асыруға және басқа банктерге төлем жасауға, қаражатты конвертациялауға, ұялы және стационарлы байланыс ақысын, коммуналдық қызметті, интернетті, сандық теледидарды, интернет-дүкендерден сатып алған тауарларды төлеуге, кредитті өтеуге, электрондық әмиянды толтыруға және т.б. орындауға болады. 

Бүгінде Online VTB көмегімен клиенттер 200-ден астам әр түрлі қызметтерді төлей алады! Жуықта бұл тізім «ОҢАЙ – Алматы қаласының Көлік картасы» сервисімен толықтырылды, бұл сервистің көмегімен Алматы қаласының барлық түрдегі қала көлігінде төлем жасауға қабылданатын көлік картасының балансын толтыруға болады.