Банк ВТБ (Қазақстан) өз клиенттеріне Visa Virtuon картасын сыйлайды, оның көмегімен тауарлар мен қызметтер ақысын Интернет желісінде комиссиясыз қауіпсіз түрде төлеуге болады!

26.11.2015

Күннен күнге керек затын сатып алу мен қызмет ақысын үйден шықпай-ақ Интернет арқылы төлеуді артық көрететін қазақстандықтардың саны артуда. Бұл түсінерлік жағдай, өйткені біз маңызды ресурстардың бірі – өз уақытымызды үнемдейміз. Банк ВТБ (Қазақстан) өз клиенттеріне желден жүйрік уақыттарын ғана емес, сонымен қатар өз ақшаларын да үнемдеуге көмектеседі.

- 2015 жылғы 16 қараша мен 31 желтоқсан аралығында Банк ВТБ (Қазақстан) Банктің кез келген өнімін ашқан жаңа клиенттерге, сонымен қатар Банкінің өнімдерін пайдаланып жүргендердің баршасына халықаралық Visa Virtuon картасын сыйға тартады, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің Директоры Динара Жакенова. – Көрсетілген кезеңде Visa Virtuon ресімдеген барлық клиенттер Акция шарттарына сәйкес картаны мүлде тегін алады және оны арнайы шарттармен пайдаланатын болады: жылдық қызмет көрсету ақысы – 0 теңге, бүкіл жарамдылық мерзімі ішінде! Visa Virtuon картасының негізгі артықшылығы – Интернетте сауда жасағаны және қызметтерді төлегені үшін комиссияның жоқтығы.

Visa Virtuon картасын пайдалану оның иелеріне төлемге Visa картасын қабылдайтын дүние жүзінің интернет-дүкендерінің және онлайн-банкингтерінің кең желісін ашады. Виртуалды карточканы ала отырып, Сіз

- банк комиссияларын төлеуге ақша жұмсамайсыз;

- өзіңіздің негізгі карточкаңыздың деректемелері қаскөй адамдарға мәлім болады деп және Интернет желісінде рұқсатсыз мәмілелер жасау үшін пайдаланылады деп қауіптенбейсіз;

- желі ішінде өзіңіздің сатып алуларыңызды қадағалау қолайлы болу үшін «шынайы» және «виртуалды» төлемдерді бөліп қоя аласыз;

- егер Visa Virtuon картасының деректемелері қаскөй адамдарға мәлім болған жағдайда ықтимал шығынды шектей аласыз.

Жалпы айтқанда, егер Сіз озық көзқарасты ұстансаңыз, өз уақытыңызды бағаласаңыз және төлемдерді Интернет арқылы жиі жасайтын болсаңыз, Visa Virtuon картасы – арнайы Сіз үшін жасалған!

Толығырақ ақпаратты Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелерінен, сондай-ақ - ұялы телефоннан тегін 5050 нөмірі арқылы ала аласыз.