Банк ВТБ (Қазақстан) Visa төлем карталары бойынша ақшалай қалдыққа сыйақы есептейді

04.12.2015

Карта депозит бола алады ма? Банк ВТБ (Қазақстанда) – ИЯ! Енді Банк ВТБ (Қазақстанның) кезкелген клиенті VISA төлем карталары бойынша ақшалай қалдыққа сыйақы ала алады!

«Сыйақы есептеу» қызметі Visa Business-тен басқа, Банктің барлық дебеттік карталары бойынша қолжетімді. Картаны ашқан кезде, Сіз картадағы ақшалай қалдыққа төленіп отыратын ай сайынғы сыйақының белгілі бір көлемін таңдай аласыз (әрі қарайғы капиталданумен).

Сыйақыны алу үшін картада үнемі минималды қалдықты ұстау керек.

· Толық есепті кезең бойында* картада 15000 теңгеден кем емес мөлшерде минималды қалдық үздіксіз болған жағдайда жылдық 3% төленеді.

· Толық есепті кезең бойында* картада 30000 теңгеден кем емес мөлшерде минималды қалдық үздіксіз болған жағдайда жылдық 5% төленеді.

· Толық есепті кезең бойында* картада 50000 теңгеден кем емес мөлшерде минималды қалдық үздіксіз болған жағдайда жылдық 8% төленеді.   

* Есепті кезең деп –Visa төлем картасына қызмет көрсету Келісіміне қосылу туралы өтініш жазған күннен бастап бір күнтізбелік ай уақыт кезеңі ұғынылады.

Егер, есепті кезең бойында* таңдалған санат аясында ағымдағы шоттағы сома минималды қалдықтан аз болған жағдайда есепті кезеңге сыйақы есептелінбейді.

Карта бойынша ақшалай қалдыққа сыйақы ай сайын есептелінеді. Егер Сіз өзіңіздің кірістеріңізді және шығындарыңызды мұқият жоспарласаңыз, онда бұл қызмет Сіздің әдеттегі Visa картаңызды қосымша кіріс түсіретін құралға айналдыра алады.

Толығырақ ақпаратты Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімдерінде, сондай-ақ - 5050 ұялы телефоннан тегін қоңырау шалып біле аласыз.