ВТБ ТМД елдеріндегі сауданы қаржыландыру саласындағы үздік банк аталды

02.12.2015

ВТБ Ресейде және ТМД-да 2015 жылы «Global Trade Review» журналының нұсқасы бойынша сауданы қаржыландыру саласындағы үздік банк болып танылды. Жыл басынан бері сауда және экспорттық қаржыландыру құралдарын пайдалана отырып, банк жүзеге асырған транзакциялардың жалпы көлемі 220 млрд рубльден асты. Соңғы үш жыл жиынтығында ВТБ 500 млрд рубльден астам сомаға жаңа мәмілелер жасап, өз портфелін 7 есе ұлғайтты.

2015 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ВТБ қытайлық банктермен жалпы сомасы 160 млрд рубльден астам мөлшерде сауда және экспорттық қаржыландыру бойынша бірқатар келісімдер жасады, осы келісімдер негізінде Қытай мен Ресей арасындағы сауда ағындары қаржыландырылды. Тағы бір сәтті инновациялық жаба ретінде ЭКСАР-ды жабатын экспортты қаржыландырудың жаңа өнімдерін енгізуді атауға болады. ВТБ сонымен қатар Азия жәнеТынық мұхиты аймағында бизнесін жүзеге асыратын клиенттер үшін жаңа қаржылық шешімдер ұсынды.

ВТБ Президенті-Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Юрий Соловьев былай деп атап өтті: «Бұл марапат ВТБ Тобының осы бағыттағы бизнесті дамыту бойынша таңдаған стратегиясының дұрыстығын растайды. Ағымдағы жағдайда өндірісті жаңғырту және жаңа нарықтарға шығуды жүзеге асыратын клиенттерді қаржыландыру айрықша маңызды сипатқа ие болуда. Біз бұдан әрі де сауда және экспорттық қаржыландыру көлемін белсенді қарқынмен өсірмекпіз, клиенттерімізге үздік әлемдік стандарттарға негізделген кешенді шешімдер ұсынатын жаңа технологиялар мен иделарды енгізбекпіз».

«Global Trade Review» журналының сыйлығы ВТБ-ға сыртқы экономикалық қызмет және сауданы қаржыландыру нарығының 6000-нан астам кәсіби қатысушылары арасында сауал жүргізу нәтижесінде тағайындалды. Бұл басылым тәуелсіз және сыртқы сауда мен сауданы қаржыландыру саласында оның басқалардан беделі жоғары. Бұл сыйлыққа ВТБ басқа номинацияларда жеңіске жеткен Citi Bank, HSBC, Standard Chartered, Deutsche Bank сияқты бірқатар өзге қаржы институттарымен иық тіресе ие болды.