S&P Банк ВТБ (Қазақстан) рейтингін «ВВ/В» деңгейінде растады

30.11.2015

2015 жылғы 27 қарашада Standard & Poor's халықаралық рейтингтік агенттігінің кредиттік рейтингтер қызметі банк ВТБ (Қазақстан) үшін «ВВ/В» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін растады.

Standard & Poor's агенттігінде келесіні атап өтті: «Біздің пікіріміз бойынша, банк ВТБ (Қазақстан) ВТБ банкінің стратегиялық маңызды еншілес құрылымы болып қала береді және барлық болжаулы жағдайларда өз тарапынан операциялық, басқарушылық және қаржылық қолдау алуды жалғастырады. Осыған орай біз банктің халықаралық шкала бойынша ағымдағы деңгейдегі рейтингтерін растаймыз».

Сонымен бірге Standard & Poor's ұлттық шкала бойынша банк ВТБ (Қазақстан) рейтингін «kzA+-»-тен «kzA»-ға дейін төмендетті.

Берілген рейтинг қаржы институтының үстіміздегі жылдың алғашқы 9 айындағы жұмыс нәтижесіне сәйкеседі. Қазіргі таңда Қазақстандағы ВТБ еншілес банкі өз инфрақұрылымын, ІТ-жүйелерін қарқынды жетілдіруде және өнім желісін кеңейтуде.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 20-шы орынды алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 44 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің №1.2.14/39 лицензиясы 2014 жылғы 23 желтоқсанда берілген.

Қосымша түсіндірмелер алу үшін Сіз әрқашан баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web.: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazahstan