ВТБ тобы Қазақстандағы еншілес банкті жете капиталдандыруда

03.12.2015

2015 жылғы 25 қарашада Банк ВТБ-ның (Қазақстан) жалғыз акционері болып келетін Банк ВТБ, Қазақстандағы еншілес ұйымды жете капиталдандыру туралы шешім қабылдады. Жете капиталдандыру қосымша, әрқайсысының номиналдық құны 10 000 теңге құрайтын 735 700 дана банктің қарапайым акцияларын шығару жолымен жүзеге асырылады. Нәтижесінде, жарияланған қарапайым акциялардың жалпы саны 2 735 700 дананы құрайтын болады.

«Нарықта байқалатын тұрлаусыздыққа қарамастан, біз ВТБ (Қазақстан) капиталын 7,3 млрд теңгеге (24 млн долларға) көбейтпекпіз. Бұл шешім ең алдымен даму келешегінен және ҚР Ұлттық банкінің капитал бойынша талабынан туындады. Бұдан өзге, ВТБ бас банкі қазақстандық «еншілесіне» субординацияланған кредит береді. Сөйтіп, капитал нәтижесінде 40 млн долларға ұлғаятын болады», - деп атап өтті аға вице-президент, ВТБ банктің Еншілес компаниялар департаментінің басшысы Михаил Якунин

Банк ВТБ (Қазақстан) капиталын ұлғайту бойынша қажетті корпоративтік рәсімдерді Топ 2015 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 20-шы орынды алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 44 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің №1.2.14/39 лицензиясы 2014 жылғы 23 желтоқсанда берілген.

Қосымша түсіндірмелер алу үшін Сіз әрқашан баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web.: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazahstan