Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағалығына Дмитрий Забелло тағайындалды

02.12.2015

Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 30 қарашадағы шешімімен Банк Басқармасының төрағасы лауазымына бұрын Банк ВТБ-ның Орынбор облысы бойынша дирекциясының басшысы лауазымында қызмет еткен Дмитрий Забелло тағайындалды.

Бұл тағайындау жайында түсінік берген Еншілес компаниялар департаментінің басшысы ВТБ Банктің аға вице-президенті Михаил Якунин былай атап өтті: «Біз Дмитрий Александровичтің банк бизнесіндегі көп жылғы тәжірибесін жоғары бағалаймыз және бұл тағайындаудың Банк ВТБ-ның Қазақстандағы Еншілес банкінің сәтті дамуының жаңа кезеңі үшін бастама болып табылатынына сенімдіміз».

«Мен Директорлар кеңесіндегі өз әріптестеріме, сонымен қатар банк ұжымына көрсеткен қолдаулары мен маған білдірген сенімдері үшін алғысымды білдіремін. Мен үшін бұл лауазым өте жауапты және маңызды. Бүгінде әмбебап ВТБ банкі Қазақстанда кәсіби команданың үйлесімді жұмысы мен ВТБ халықаралық қаржы тобының бизнес-тәжірибесінің арқасында корпоративтік және бөлшек секторларда тұрақты позицияларға ие болып отыр. Мен өзімнің барлық білімімді және тәжірибемді акционерлер қойған мақсаттарға жұмылдыруға ниеттімін», - деп атап өтті Дмитрий Забелло.

Дмитрий Забелло банк саласында 24 жылдан артық жұмыс істеп келеді, оның ішінде ВТБ тобының құрылымында 11 жыл қызмет жасап жатыр. Ол ВТБ банкінің Орынбордағы филиалын құрылған сәттен бастап дамыту жолында қызмет етті, қазір ВТБ банктің Орынбор облысы бойынша дирекциясы – аймақтың қаржы нарығында маңызды ойыншыға айналған.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан астам уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 20-шы орынды алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 44 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің №1.2.14/39 лицензиясы 2014 жылғы 23 желтоқсанда берілген.

Қосымша түсіндірмелер алу үшін Сіз әрқашан баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web.: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazahstan