Банк ВТБ (Қазақстан) MasterCard-эквайрингті іске қосты

03.11.2015 Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ «MasterCard-эквайринг» халықаралық төлемдер жүйесінің жобасын өнеркәсіптік пайдалануға іске қосты. Бұрын банктің pos-терминалдары мен банкоматтары Visa төлем картасын ғана қабылдаған, енді Банк MasterCard картасына да қызмет көрсететін болады.

- Бүгін Қазақстанда жаһандық екі төлем жүйесі - Visa және MasterCard кең таралған. Және біз клиенттерімізге жайлы және қолайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа қызметтің енгізілгені туралы қуанышпен хабарлаймыз, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасының орынбасары Дмитрий Яковлев. – 2016 жылы қаңтар айында сауда орындарында POS-терминалдарды міндетті түрде пайдалану туралы заң* күшіне енеді, соның аясында «MasterCard-эквайринг» ХТЖ енгізу біздің клиенттер - POS-терминалдардың меншік иелеріне өз мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге және клиенттік базаны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Әрине, бұл барлық MasterCard ұстаушылар үшін де жақсы жаңалық.

Қазіргі таңда республика аумағында Банк ВТБ (Қазақстан)-ның 100-ге жуық банкоматы және 1000-ға жақын POS-терминалы жұмыс істейді. 2015 жылдың соңына дейін Банк орнататын POS-терминалдар саны 1500 бірлікке жетеді, ал келесі жылы тіпті екі есе артады.

*«Ақша төлемi мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, бұл ретте ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жердегiлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын және қызметін Астана, Алматы қалаларында, облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар осындай жабдықты (құрылғыны) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.



Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан аса уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 17-ші орынды алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 44 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық офисі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің №1.2.14/39 лицензиясы 2014 жылғы 23 желтоқсанда берілген.

Қосымша түсіндірмелер алу үшін Сіз әрқашан баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web.: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazahstan