Банк ВТБ (Қазақстан) «HR-бренд Қазақстан 2015» сыйлығының номинанты болды

22.10.2015

Алматыда «HR-бренд Қазақстан 2015» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Елдің ең жауапты жұмыс берушілері қазылар алқасының сарапшыларына кадрлық басқару бойынша өздерінің ең үздік жобаларын ұсынды. Бұл жылы қатысуға 23 компания өтініш білдірді, олардың ішінде конкурсқа бірінші рет қатысып тұрған Банк ВТБ (Қазақстан) да бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша жыл сайын үміткерлер персоналдарды басқару саласындағы жаңа және қазіргі заманғы тәсілдерді көрсетеді.

Сыйлық дебютанты - Банк ВТБ (Қазақстан) «Тәлімгерлік» жобасын ұсынды. Бұл жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған бірегей жүйе студенттерге кәсіби қауымдастыққа жол ашып қана қоймайды, ол сонымен қатар аз уақыт ішінде жаңа, ересек өмірге бейімделуге мүмкіндік береді.
Банк ВТБ-ның қызметкерлері өткізген «Тәлімгерлік» жобасының таныстырылымына 350 астам жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері келді. Олардың 250-і тестілеуге қатысты, олардың 50-і біздің Банктің қызметкерлері атанды.

- «Тәлімгерлік» жобасы Республиканың барлық аумақтарының жоғары оқу орындарында таныстырылды. Ол жас, талантты және өршіл мамандарға өзін көрсетіп, мансабының бастауын Банк ВТБ (Қазақстан)-ның жоғары кәсіби командасымен бірге құруға мүмкіндік береді. Елдің әр түрлі жоғары оқу орындарының 50 студент, түлектері біздің бағдарламамыз арқылы өмірге жолдама алды. Банк қызметкерлері арасынан шыққан тәлімгерлер жас ұрпаққа өз тәжірибесі мен білімін жеткізді, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасының кеңесшісі Алла Пономарева. – Осы жылы біз «Қазақстан» санатында номинант болып шықтық және өкінішке орай, сандық қамту жағынан басқа жобаларды алға шығарып жібердік. Бірақ біз қазірдің өзінде іске асыру ауқымын айтарлықтай арттырып, «Тәлімгерлік» бағдарламасының жаңа айналымын іске қостық. Келесі жылы біз Банктің қатысуымен барлық қалалардың 50-ден астам жоғары оқу орындарына баруды жоспарлап отырмыз. Келер жылы жүлдені ұтып алуға біздің барлық мүмкіндігіміз болады деп ойлаймын».                 

Конкурстың қазылар алқасы Банк ВТБ (Қазақстан)-ның «Тәлімгерлік» жобасы жоғары білікті мамандардың кәсіби қоғамдастығының дамуына ғана емес, сондай-ақ қазақстан қоғамының тұрақты экономикалық дамуына қосқан үлесі және ұйымның әлеуметтік жауапкершілігінің айқын көрінісі болып табылатынын атап көрсетті.