Банк ВТБ (Қазақстан) 2015 жылдың 9 айына қаржылық нәтижелерді жариялайды

16.10.2015

2015 жылдың басынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ активтері 14,9% өсіп, 9 айдың қорытындысы бойынша 175 891 млн. теңгеге жетті. Банк клиенттерінің шоттары мен депозиттеріндегі қаражат көлемі 31,4% ұлғайып, 129 731 млн. теңгені құрады.

Негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштер 2015 жылғы 9 айға (01.10.2015):

• Міндеттемелер 18% - 159 306 млн. теңгеге дейін өсті;        
• Банктің несие портфелі провизияларды есепке ала отырып, 2015 жылғы 1 қазанда 98 068 млн. теңгені құрады;
• Таза пайыздық кіріс резервтерді қалыптастырғанға дейін 2015 жылғы 9 айда 5 423 млн. теңгені құрады;
• Таза комиссиялық кіріс 9 айда 1 604 млн. теңгеге жетті;
• 9 айдың қорытындысы бойынша Банк шығынды 791 млн. теңгеге қысқартты, бұл ретте таза пайда 2015 жылғы 3 тоқсанда 498 млн. теңгені құрады.

2015 жылғы үшінші тоқсандағы нәтижелер бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ активтерінің, кірістерінің және несие портфелінің тұрақты өскенін көрсетеді. Есепті кезеңде Банк 114 712 000 облигациясын табысты орналастырды, бұл ретте тартылған сома 11 млрд. теңгеден асты. 2015 жылғы үшінші тоқсанда Банк ВТБ (Қазақстан) активтердің көлемі жағынан елдің 35 ЕДБ арасында 19-шы орыннан 17-ші орынға көтерілді.


Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 6 жылдан аса уақыт табысты жұмыс жасап келеді және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 17-ші орынды алады. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 44 құрылымдық бөлімшелерден тұратын филиалдар желісі бар, олардың 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық офисі Алматы қ. орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің №1.2.14/39 лицензиясы 2014 жылғы 23 желтоқсанда берілген.

Қосымша түсіндірмелер алу үшін Сіз әрқашан баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web.: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazahstan